Қыстық баспана түрлері және ерекшеліктері (сабақ жоспары)

0
1094
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:
— көшпелілердің қолданбалы өнердегі жетістіктерін сипаттау.

Зерттеу сұрағы
Неліктен киіз үй көшпелілердің материалдық мәдениетінің ең жоғарғы үлгісі деп саналады?

Оқулық
Қыстық баспана тұрғызу және құрылыс ісі өнері. 230–232 беттер.

Тірек сөздер
— Жертөле,
— Жеркепе,
— Шым үй,
— Қоржын там.

Ресурстар
1. Райымхан, К.Н.. Музей жәдігерлері тарихи дереккөз ретінде (Қазақстан
музейлері негізінде). Астана, 2010
2. Жәнібеков Ө. Жолайырықта. Алматы. Рауан. 1995.
3. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының
дәстүрлі жүйесі. 5 томдық. Алматы. 2011-2014.

Сабақ түрі мен әдісі
Тарихи-танымдық талдау. Семинар сабақ.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Қыстық баспана түрлерін фотосуреттерді көрсете отырып, түсіндіру. Мұғалім қыстық баспана туралы зерттеулер мен естеліктерен үзінді оқып берсе, оқушыларға танымдық ақпарат береді.

Мұғалімнің өзі сол өлкедегі дәстүрлі қыстық баспанамен таныс адамнан немесе оқушылардың ата-әжелері немесе қария туысқандары болса, дәстүрлі баспана туралы естеліктер алуын ұйымдастыруға болады.

Бағалау мүмкіндігі
Оқушыларға баспана түрлерінің қалыптасу, даму кезеңдеріне, тас дәуірінің қоныстарынан бастап, бүгінгі күнгі баспананың даму эволюциясына талдау жасатуын ұйымдастыруға болады. Баспананың даму эволюциясын суретпен, кестемен көрсеткен тиімді болады.

Қосымша тапсырмалар
“Дәстүрлі қыстық баспана” атты еркін, өз таңдаулары бойынша шығармашылық жұмыс орындау. Макет, сурет, эссе, әңгіме, т.б.

Білімін шыңдауға берілетін тест
Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!

1. Қазақ қоғамында негізгі шикізаты шым, ши болатын немесе бастырма
үй түрлерін белгілеңіз:
А) Қақыра Е) Тоқалтам
В) Абылайша F) Жеркепе
С) Қос, күрке G) Жертөле
Д) Қоржын үй H) Шым үй

Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
2. Қазақ қоғамында негізгі шикізаты қамыс болатын үй түрлерін анықтаңыз:
А) Қақыра Е) Қақыра
В) Шошала F) Абылайша
С) Өлшек G) Жертөле
Д) Шарбақ үй H) Күрке

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ