Қызықты сәт (математикалық сайыс)

0
3333
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:
Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу .Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру . Әр оқушының шығармашылық ізденімпаздығын ояту, ойлау қабілеттерін дамыту,әр оқушының шығармашылығын жетілдіру. Оқушылардың жан-жақты білімдерін, математикалық тілдерін және біліктілігін дамыту.

Көрнекілігі: слайдтар

Математикалық сайыстың барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
«Қызықты сәт» ойынына қош келдіңіздер.

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан окушылардың,
Сәті келді сыналар.

Есепті түрлі — түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, — дей отырып ортаға «Алғырлар», «Тапқырлар» топтарын шақырамыз.

Жүргізуші: Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл — ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек,»- деген. Олай болса, бүгін сендер математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар.

Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болуы керек және тәртіп сақталғаны жөн.

Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:

Таныстыру
Білім минуты
Топ басшылар
Кім жылдам?
Сұрақ-жауап
Қорытынды.

Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады.

Шақырып жарыстарға сан — салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады!
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады!

«Тапқырлар» тобы:
Осындай алғыр достар кез — келгенде,
Жетсін — ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!

«Алғырлар» тобының ұраны:
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.

Тапқырлар тобының ұраны:
Тапқырлар биіктерде қалықтасын!

Жүргізуші:Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, — деп келесі сайысымыз «Білім минуты» сайысына кезек береміз.

Әдебиеттегі сандар:

  1. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
  2. Неше жұрттың тілін біл, неше түрлі білім біл? (жеті )
  3. Неше жақсы қас болмас, неше жаман дос болмас? (екі )
  4.  Досыңды үш күн сына ма, қанша жыл сына? (үш )
  5.  Бір кісі қазған құдықтан, қанша кісі су ішеді? (мың )

Бөлшектер

  1. Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады? Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім)
  2.  Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)
  3. Сиқырлы қаптағы сұрақ. Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы.1/2 )
  4. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)
  5.  Қандай бөлшек бұрыс деп аталады? Мысал келтір. ( Алымы бөлімінен тең немесе алымы бөлімінен үлкен бөлшек бұрыс деп аталады. Мысалы. 5/3; 5/5)

Математикалық калейдоскоп

  1. Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
  2. Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
  3.  Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ. алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)
  4. Қорадағы тауықтар мен қояндардың бастары 19, аяқтары 40. Тауықтар нешеу? (13
  5. Екі бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмедегі адамдар саны тең болды. Алғашында әр бөлмеде неше адам болған. (33 және 43 адамдар )

Төртіншісі артық

  1. Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)
  2. Тртінші артығын тап: қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)
  3. Төртінші артығын тап: 381;555;265;117.(265)
  4. Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)
  5. Төртінші артығын тап: 385;560;265;107. (107)

Жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын, — деп келесі кезекті «Топ басшылар » сайысына береміз.

Жүргізуші: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген оқырман
Қиындыққа жеткізер,- деп келесі кезекті «Кім жылдам?» сайысына береміз.

Жолдың формуласы. s = v ∙ t v = s : t t = s : v

s = v ∙ t   12 км 120 км  
v = s : t 15 км/сағ 6 км/сағ   6 м/
t = s : v 6 сағ   2 сағ 10 мин

Тіктөртбөрыштың ауданының формуласы. S = a ∙ b а = S : b b = S : a

S   12 см 2 120 мм 2  
а 15 cм 6 см   6 м
b 6 см   2 см 60 дм

Жүргізуші: Болашақ биіктерге қалықтасын,
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туын желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын – дей отырып, Сұрақ-жауап сайысын бастаймыз

• Ұзындықтың өлшем бірлігі? (метр)

• Жай бөлшектің негізгі қасиеті (алымында, бөлімінде бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде жай бөлшек өзгермейді)

• Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш? (шаршы)

• Шеңбердің центр арқылы өтетін хорда (диаметр)

• Тік төртбұрыштың ауданы. (S=ab)

• Ең кіші жай сан?  (2)

• Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)

• Аралас сандар? (бүтін бөліктен бөлшек бөліктен тұратын сан)

• 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар? (6*6-6)

• Құрама сан дегеніміз не?  (бөлінгіштер саны екіден көп сан)

Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазір әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. «Зар заман» әдебиет ағымы өкілдерінің саяси көзқарастары (сабақ жоспары)
  2. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (сабақ жоспары)
  3. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  4. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  5. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  6. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  7. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  8. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  9. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  10. Қазақ халқының ұлттық ойындары (сабақ жоспары)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ