Жәңгір хан және Қазақ хандығы (сабақ жоспары)

0
1451
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:
— көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипттау;

— Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау.

Зерттеу сұрағы
Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихында алатын орны қандай?

Оқулық
Жәңгір хан және Қазақ хандығы. 200–203 беттер.

Тірек сөздер
— Салқам Жәңгір хан,
— Батыр қоңтайшы,
— Жоңғар хандығы,
— тұтқын,
— Жалаңтөс батыр.

Ресурстар
Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. 1-том. Алматы. Атамұра,. 2010. 428-434- бб.

Сабаққа дайындық:
Есім ханнан кейінгі Қазақ хандығының жағдайын, әсіресе Жоңғар хандығының құрылуына байланысты жоңғар шапқыншылығының ұйымдасқан сипат алуының барысын ашып көрсету қажет.

Ол үшін, ең алдымен Жоңар хандығының әскери-феодалдық сипатын талдап көрсететін кесте дайындау қажет. Жоңғар хандығы – Алтай тауларының етегін ғана алып жатқанымен, Оралдан Алтайға дейінгі аумақтағы ұйымдасқан саяси күшке айналғанын анық көрсету үшін Қазақ хандығын үш жағынан жоңғар әміршілерінің жекелеген иеліктері қоршап жатқандығын карта арқылы көрсету маңызды.

Сонымен қатар, Жәңгір ханның шығу тегіне қатысты кесте дайындау да маңызды.

Сабақтың деректі материалдары:
Қазақстан картасы, слайдтар, кестелер, постерлер.

Сабаққа әдістемелік нұсқау:
Сабақ түрін аралас сабақ түрінде ұйымдастыра отырып, дамыта оқыту, топпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, сұрақтарды жасыру әдістерін қолдануға болады.

Сабаққа қатысты ескертпелер:
Жәңгір ханның билік құрған жылдары нақты белгісіз, түрлі тархи әдебиеттерде түрлі болжамдар айталады. Сондықтан, оқушылардың аталған кезеңге қатысты тарихи даталарды дұрыс түсіне білуіне көмек беру қажет. Бұл Қазақ хандығының XVII ғасырдағы күрделі кезеңіне жататын мәселе.

Сонымен қатар, аталған кезеңде XV ғасырдан бастап айқын көріне бастаған ойрат
(жоңғар) шапқыншылығы факторының Жоңғар хандығының құрылуы қазақ хандығы үшін нақты сыртқы геосаяси факторға айналғандығын ұғындыру өту маңызды. Бұл оқушының болашақта жоңғар шапқыншылығының қазақ тарихындағы орны мен маңызын терең түсінуіне негіз қалайды.

Сабақтың барысы.
Жаңа материалды оқып үйрену үшін мұғалім сабақ мазмұнын үш бөлікке бөлуіне болады. Кесте арқылы бірінші бөлімде Салқам Жәңгірдің өмірбаянына қатысты мағлұматтар баяндалады, екінші кестеде Жоңғар хандығының құрылуы мен оның қазақ хандығына қатысты ұстанған жаулап алу соғыстары, үшінші кестеде Жәңгірдің шебер билеуші ретінде қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайын нығайту үшін атқарған қызметі көрсетіледі.

Оқушылардың сабақты игеруін тереңдету үшін сыныпты үш топқа бөліп “Салқам Жәңгір хан”, “Батыр қоңтайшы”, “Жәңгір ханның елшілері” атты постерді қорғатуға болады. Одан әрі, үш топқа жалпы сабақтың мазмұны бойынша төмендегі
сызба түрінде тапсырма беріледі.

Бағалау мүмкіндіктері
Сабақты қорытындылау кезінде оқушылардың игерген білімін бағалау үшін оладың топтық жұмыс барасындағы белсенділігі, нақты тапсырманы  орындау деңгейі басты назарға алынады.

Сонымен қатар, алдын ала ескерту арқылы ауызша сұрауға сабаққа үнемі қатысап отырып, басқа оқушылардың жауаптарын толықтырған, нақтыландырған және тереңдеткен оқушылар, мысалдар келтірген, мұғалімнің жаңа материалды баяндау кезінде қойған сұрақтарына жауап берген, жаңа тақырыпты тез түсінген балаларға қосымша ұпай беру әдісі арқылы бағалу керек.

Қосымша тапсырма:
1. Оқулықтағы тапсырмалар бойынша жұмыс.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ