Жазу мәдениеті: араб, латын, орыс алфавиттері

0
1393
Иллюстрация: Freepik.com

Негізгі сұрақтар: Ежелгі қазақ түрік жазбаларының жіктелуі. Қазақстан және Орта
Азиядағы ойшылар, ақындар, оқымыстылардың кітап мұралары. Ежелгі жазба
кітаптар, эпикалық айтылымдар.

Кітап –даналық қазынасы. Осы бір баға жетпес рухани құндылығымыздың адамзат
өмірінен алатын орны ерекше. Бұлай деп айтып отырғанымыздың себебі, біз кітап
арқылы жан дүниемізді тазартып, рухани кеңістікке жол ашамыз. Сонымен қатар
ғасырлар бойы сақталып келген бай мұраларымызды осы кітап арқылы танып
білеміз.

  1. Құжат ұғымы және функциясы. Құжат және ақпарат туралы түсінік
  2. Құжаттардың бірегейленуі мен стандартталуы
  3. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  4. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері

Кітапты ойлап тапқан адам болса, ал енді сол адамның білімін, сана – сезімін өсіріп,
күшіне күш, ойына ой қосып, оны қоғам мен табиғаттың қожасына айналдырып
отырған кітап. Кей кітап толып жатқан ұйқысыз түндерден соң ауыр азап пен қиын
қыстау жағдайларда, кейде жоқшылық, мұқтаждықпен жарыққа келсе, біреулері
жігердің құм болуымен, өмір құнымен дүниге келгенін адамзат тарихы жақсы
біледі.

Адамзат көп уақыт бойы бір–бірімен байланыс жасап, пікір алысуда кеңістікке
тәуелді болып келді. Ол кезде телефон, телеграф, атымен жоқ. Бір–бірімен сөйлесу
үшін олар бір–бірін ести алатын қашықтықта болуы тиіс. Міне, осы тәуелділікті
жою үшін адамдар жазуды, яғни жазба тілді ойлап тапты.

Алфавитсіз жазу, жазусыз кітап болмайтыны белгілі. Қазақтың көне және қазіргі
кітаптары бірнеше алфавитпен жазылып басылып келеді. Біз бұл жерде қазақ
кітаптары көп басылған – араб, латын, орыс алфавиттері жайында айтпақпыз.

Араб жазуы. Араб жазуының алғашқы нұсқасы «набатейлік» жазу. Набатейлер
арабтармен туыс семит тайпаларына жатады. Олар біздің эрамызға дейінгі V
ғасырда Арабиядан Палестинаға ауып келген. Олардың тілдері біртіндеп арамей
тіліне айналады. Ал набатей жазуы арамей–пальмира жазуының негізінде
қалыптасқан.

Арабтардың дүние жүзі тарихына мәлім бола бастауы VII ғасырдың басынан, ислам
дінінің шығуымен байланысты. Оны негіздеуші Мұхаммед (571-632) ислам дінін
басқа халықтар арасында үгітпен де, күштеп те таратады. Осы мақсатпен аса қуатты
«Халифат» мемлекетін ұйымдастырады.

Оның құрамына бұрынғы Меке мен Мединеден басқа Аравия, Сирия, Иран, Орта Азия, Солтүстік Индия, Солтүстік Африка және Пиреней түбегі кіреді. Олар біздің эрамыздың VI ғасырында пайда болған, забад, херин әріптерінің үлгісімен өздерінің «куфа» және «несих» деген жазуларын қалыптастырады.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ