1 сәуір — күлкі күні

0
2000
Иллюстрация: Freepik.com

1 сәуір — Күлкі күні бүкілхалықтық бейресми мереке. Басқа мерекелерден айырмашылығы сол, шығу тарихы белгісіз. Бұл күнді әр елде әртүрлі атайды екен.

1 сәуір – күлкі, әзіл — қалжыңға толы сонымен қоса өзгелерді алдау күні деп есептеледі. Бұл күні алданғаны үшін ешкім қабақ шытпайды.

Италияда бұл күнді «Ақымақтар» күні, Англияда «Көңілді алдаушылар күні», Шотландияда «Көкек күні», Жапонияда «Қуыршақтар күні», АҚШ — та «Ақымақтар күні» деп аталады екен.

Бұл мереке әлемдегі бірде — бір елдің діни немесе тарихи дәстүрімен байланысы жоқ. Баяғыда күнтізбе бойынша 1 сәуір күні ерекше күн болды ма, болмады ма бізге беймәлім?

Болжам бойынша бұл мерекенің тарихы көне заманнан бастау алады, ертеде тойланатын көктем мерекесімен байланысты болуы мүмкін делінеді.

Ежелгі гректер ерте көктемде Күлкі құдайының құрметіне арнап құрбан шалып, әдемі ән — күй шырқап, би билеп көңіл көтеріп, ерекше тойлайтын болған.

Ежелгі Грек жазбаларында адам міндетті түрде көңіл көтеріп, күлуі қажет деп есептейді. Күлкі адамды емдейді және жағымсыз қасиеттерден тазартады деп түсінген.

Бұны «рухани тазару» (катарсис) яғни күлкі арқылы тазару деп атаған.
Қысқа әзілдер мен сықақ өлең, өткір тілмен жазылған қысқа сөйлемдер ең алғаш осы кезеңде пайда болған делінеді. Әзіл әңгімелер алғашында қабір тастарында жазылған, сонан соң әдеби шығарма болып енген.

Қазіргі кезде 1 сәуір күні ешкім демалмайды, бір — біріне сыйлық ұсынып, мерекелік дастарқан жайылмайды. Тек ел бір — бірімен қалжыңдасып, көңіл көтереді.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ