1822–1824 жылдардағы реформалар және қазақ қоғамы (сабақ жоспары)

0
10207
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты
– Патша үкіметінің реформаларындағы әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;

– дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау.

Зерттеу сұрағы
Неліктен XX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақстанда әкімшілік реформалар жүргізілді?

Оқулық
1822–1824 жылдардағы реформалар және қазақ қоғамы. 82–86 беттер.

Тірек сөздер
Реформалар, хандық биліктің жойылуы, Сперанский М.М., Сібір қырғыздары туралы жарғы, округ, болыс, аға сұлтан, болыстық сұлтан, ауыл старшыны.

Ресурстар
Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі
тарихы. 1943 жылғы басылым). – Алматы, 2012.
История Казахстана. Энциклопедический справочник. – Алматы, 2010.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. – Алматы,
2016.

Көрнекілік
Ш. Уәлиханов қазақ хандары мен сұлтандарының ата-тегі туралы кесте, Абылай ханның суреті, қазақ сұлтандарының суреттері, қазақ билерінің суреттері.

Мақсатты айқындау
XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласында хандық биліктің жойылуының алғышарттарын ашып көрсету. Бұл істе Ресей империясының Қазақстандағы хандық билікті отаршыл саяси әкімішілік басқарумен ауыстыруға байланысты шараларын түсіндіру.

Әкімшілік басқарудағы жаңа отаршылдық өзгерістердің Қазақастанда қалай жүзеге асырылғанын нақты деректер негізінде көрсету. Ол бойынша қабылданған жаңа 1854 жылғы 19 мамардағы «Сібір комитетінің Сібір қазақтарына империяның жалпы
заңдарын тарату туралы ережесінің» қазақ даласында қалай енгізілгенін,
оның нәтижесінде билер сотының қызметі едәуір қысқартылып, отарлаушы
мекеме округтық приказдардың сол саласындағы қызметі қалай кеңейтілгенін,
сұлтандар билігін шектеу қалай жүзеге асырылғанын түсіндіру.

1854 жылғы 19 мамарда қабылданған “Сібір комитетінің Сібір қазақтарына империяның жалпы заңдарын тарату туралы ережесінің” қазақ даласында қалай енгізілгенін, оның нәтижесінде билер сотының қызметі едәуір қысқартылып, отарлаушы мекеме округтық приказдардың сот саласындағы қызметі қалай кеңейтілгенін, сұлтандар билігін шектеу қалай жүзеге асырылғанын түсіндіру.

XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласында хандық биліктің жойылуының алғышарттарын ашып көрсету. Бұл істе Ресей империясының Қазақстандағы хандық билікті отаршыл саяси әкімшілік басқарумен ауыстыруға байланысты шараларын түсіндіру.

Дамытушылық маңызы. Оқушыларға отаршыл Ресейдің қазақ даласындағы хандық билікті жоюға бағытталған саяси-әлеуметтік шараларының шын мәнінде қазақ халқын ұлттық мемлекеттен айыру және отарлау саясаты болғанын, мұның өзі қазақ халқын ұзақ уақыт тәуелсіздіктен айырғанын атап көрсету. Патша өкіметінің отаршылдық саясатының нақты заңдық негіздерге сүйене отырып, қазақ даласының бейбіт жолмен отарлауды қалай жүзеге асырғанын, қазақ қоғамының отаршылдық қамытын қалай кигенін аңғармай қалғанын көрсету.

Тәрбиелік маңызы. Қазақ хандығының отаршылдық қысымының нәтижесінде күшпен жойылуын көрсету арқылы қазіргі тәуелсіз мемлекетке қол жеткізген қазақ халқының тәуелсіздік үшін күрестердегі тарихын құрметтеуге оқушыларды тәрбиелеу. Сонымен бірге, отарлаушы елдердің өздері отарлайтын аймақтарды әртүрлі айла тәсілдермен жүзеге асыратынын түсіндіре отырып, мемлекет мүддесін қорғау ісі әрбір азаматтың абыройлы борышы екенін ұғындыру арқылы тәрбиелеу.

Сабақтың деректік материалдары
Мұғалім патша өкіметінің билік институттарының 1822 жылғы жарлығына жүйелі түрде қазақ даласында жүзеге қалай асырғандығын баяндайды, осыған байланысты қабылданған жаңа заңның негіздерін түсіндіреді, ол бойынша билер сотының қызметі едәуір қысқартылғанын, отарлаушы округтық приказдардың қызметінің кеңейтілгенін баяндайды.

Сондай-ақ, ол патша өкіметінің жаңа тәртібі бойынша сұлтандар билігінің қалай шектелгенін атап көрсетеді. Оқытушы қазақ даласында хандық биліктің жойылуының алғышарттары мен себептерін, осыған бағытталған отаршыл саяси шараларды оқушыларға түсінікті тілмен баяндайды.

Нақты құжатты пайдалану арқылы “Сібір қырғыздары туралы жарғыны” және “Орынбор қырғыздары жөніндегі ережені” қазақ даласын отарлаудың негізгі заңдық құжаттары ретінде оқушыларға ұғындырады. Оқушылар үш топқа бөлініп жұмыс жасайды.

Алғашқы топ  хандық билікті жоюға байланысты Ресейдің саяси шараларын сипаттайтын эссе жазады.

Екінші топ “Сібір Қырғыздары туралы жарғыны” пайдалана отырып, жаңа саяси әкімшілік басқарудың ерекшеліктерін көрсететін тезистер жазады.

Үшінші топ Кіші жүздегі отаршыл реформаны қамтамасыз еткен“Орынбор қырғыздары жөніндегі ереженің” негіздерін тезистерге түсіреді.

Сабақтың түрі мен әдісі
Аралас сабақ. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Келесідей мәселелер басты назарда ұсталады:

1. Хандық биліктің жойылуының алғышарттары
2. Хандық билікті жоюға байланысты отаршыл Ресей билігінің саяси
шаралары
3. “Сібір Қырғыздары туралы жарғы”, “Орынбор қырғыздары жөніндегі
ереже”.
4.Кіші жүздегі отаршылдық реформа. «Орынбор қырғыздары жөніндегі
ереже».

5. Патша үкіметінің 1822 жылғы Жарғысын қазақ жерінде жүзеге асыру
6. Реформа бойынша бұрынғы дәстүрлі билер сотына өзгерістер енгізу
7. Қазақ даласындағы биліктің жаңа үш сатысы
8. Патша үкіметінің халық наразылығының алдын алу әрекеті
9. Реформаның отаршылдық салдарлары

Бағалау мүмкіндігі
Мұғалімнің төмендегідей жоспарды тақтаға жазып қоюы оқушылардың тапсырмаларды орындауын жеңілдетеді:

1. Хандық биліктің жойылуының әлеуметтік-экономикалық, саяси алғышарттары.
2. Хандық билікті жоюдың саяси тұрғыдан дайындалуы.
3. “Сібір қырғыздары туралы жарғының” отаршылдық мәні.
4. “Орынбор қырғыздары жөніндегі ереженің” Кіші жүзде отаршылдықты
орнықтыруы.

5. Қазақ жерінде әкімшілік-аумақтық басқаруда орын алған өзгерістер.
6. 1854 жылғы 19 мамардағы “Сібір комитетінің Сібір қазақтарына
империяның жалпы заңдарын тарату туралы ережені” қабылдау салдарлары.
7. Шекаралық комиссия жанындағы қамқоршылар институтының қызметі.
8. Шыңғыс тұқымына жататын сұлтандар билігін шектеуі.
9. Қазақ даласында жаңадан құрылған биліктің үш сатысының: округтердің
– болыстардың – ауылдардың бұрынғы рулық басқару жүйесінің талқандалуы.

Бағалау мүмкіндіктері

Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс.  Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ