Асқабақ десе, бала кезімiзде сарайда сақтайтын (немесе кереуеттiң астында тегенедей боп теңкиiп жататын) асқабақтар есiме түседi.
Қыс бойы  оны түрлі тағамға қосатынбыз. Сол кезде дәнiнде де дәрумен көбін бiлсек ше?!
⠀
Сонымен асқабақнесiмен пайдалы?
⠀
— Асқабақ — жастық элексирi. Құрамында А, Е дәрумендерiнiң көптiгi ерте қартаюдың алдын алады.
⠀
-Басқа көкөністерге қарағанда темiрдiң мол қоры да осында. Сол себепті анемиямен күресте таптырмас тағам.
⠀
— Асқазан-iшек жолдарын тазалап, ас қорыту жұмысын жақсартуға, iш қатудан арылуға көмегі көп. Бүйрек, өт жұмысына оң әсер етеді.
⠀
— Асқабақ шырыны — нағыз табиғи «снотворное» әрi күштi антиоксидант. Стрестi басады. Сондай-ақ адамға сергектік сыйлайды.
⠀
— 100 грамында бар-жоғы 20-25 килокалория бар. Оған қоса ауыр тағамның өзiн жеңiл қорытуға көмектесетiн күшке ие.
⠀
— Құрамындағы кальций сүйек пен бұлшықеттерге, калий — жүрек жұмысына, магний — жүйке жүйесінің қызметіне белсенді әсер етеді.
⠀
— Сирек кездесетін әрі семiздiктен сақтайтын Т дәрумені де осы асқабақта.
⠀
Айта берсе, асқабақтың пайдасы ұшан-теңіз. Ал оның дәнiнiң емдік қасиеті мен пайдасы көкөністiң өзiнен асып түспесе, кем емес. Кейiн оның өзіне бiр пост арнамасам болмас.
⠀
Ал сiз асқабақты жиi жейсіз бе? Қандай тағамдар дайындайсыз, бөлісе кетiңiз.
Басқа материалдар:
- Майонезді неге жеуге болмайды?
 - Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
 - Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
 - Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
 - Шие жапырағының қандай шипасы бар?
 - Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
 - Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
 - Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
 - Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
 - Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
 - «Денсаулық басты байлық»
 - «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
 - Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
 - Тарының ағзаға пайдасы көп
 
            



