Қазақ баспа кітабының даму тарихы

0
1884
Freepik.com

Негізгі сұрақтар: Кітап бастыру және қазақ кітап баспасының тууы мен дамуы.
Баспа кітаптарының шығу тарихы. Қазақ-шығыс тілдеріндегі Ресей
басылымдарының кітап бастыру орталығы. Ресей қалаларындағы қазақ кітап
басылымдары. Қазақ кітаптарын бастырушылар, жинақтаушылар, авторлар.

  1. Құжат ұғымы және функциясы. Құжат және ақпарат туралы түсінік
  2. Құжаттардың бірегейленуі мен стандартталуы
  3. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  4. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері

Уақыт бір орында тұрмайды. Күн өте қолжазба кітап қоғам дамуының былайғы
әжеттеріне жарамай қалды. Адамзат ілгері басқан сайын ел–елдің экономикалық
және мәдени байланыстарын күшейту қажеттігі туды. Қолжазба кітап сол қажеттілік
үдесінен шыға алмады.

Таралымының аздығы, қолмен көшірудің ұзақ мерзімге созылатындығы, көшірушінің бәрі бірдей сауаты жеткілікті, ыждағатты бола бермейтіндіктен сапаның төмендейтіндігі, қате көптігінен кей қолжазба кітапты оқу оңайға соқпайтындығы, бағасының удай қымбаттылығы – осының бәрі қосылып келіп адамзатты бұл тығырықтан шығу жолын жатпай–тұрмай іздестіруге мәжбүр етті. Іздеген табады.

Ақыры, кітапты ел игілігі етудің жолы табылды. Дүниеге баспа кітап келді. Осы жетістікке жетудің иесі – XV ғасырдың тамаша перзенті, неміс өнертапқышы Иоганн Гутенберг (1406-1468). Ол полиграфиялық өндіріс тәсілін ойлап тапты. Полигафиялық процесс белгілі бір баспа формасын, пішінін мәтін немесе суретті бұлардың таңбасын түсіретін материалға, қағаз бетіне көшіруді көздейді. Бұлайша таңба түсіру түпнұсқаны айнытпай қайталайтын форма (пішін) бейнесін көптеп, көбейтіп басып шығаруға жағдай жасайды.

Пішіннің таңба түсетін шығыңқы және түспейтін ақтаңдақ, ойық учаскелері болады.
Таңбасы түсірілетін участокке тиісті баспаханалық бояу жағылады да, қысым
күшімен қағазға басылады. Ойық тұстарға бояу жұқпайтыны түсінікті. Таңба түскен
қағаз оттиск деп аталады. Шығыңқы баспа тәсілін атақты неміс өнертапқышы
Гутенберг қағаз материалдың өзгешеліктеріне қарай ыңғайлап, жетілдіріп, баспа
станогын жасады.

Гутенбергтің негізгі табысы бұл емес, басқа тәсіл. Атап айтқанды – терім
формасынан мәтінді жаңғыртып көбейту тәсілін ойлап тапты. Осы тәсіл арасында,
біріншіден, баспа формасын жасау жұмысы әлдеқайда жеңілдеді. Бұл форма алдын
ала терілген элементтерден –литералардан түзілетін болды. Және литера
материалын бір ғана баспа формасын жасауға ғана емес, түрлі–түсті басқа да
формалар жасауға, сөйтіп пайдалануға болады.

Екіншіден, терім жіберілетін қатені түзету жолын оңайлатты. Формадан қате кетсе,
түзету қиын емес. Қате түскен әріпті (литераны) дұрыс дегенімен оп–оңай
ауыстырасың. Ксилографиядан қате жіберілсе, жұмысты басынан бастап қайта
істеуге тура келер еді.

Үшіншіден, терім жазу ісін бір қалыпқа түсіріп, түпнұсқаны айнытпай, қандай
болса, сондай етіп жеткізуге мүмкіндік берді.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Басқа материалдар: 

  1. Жазу мәдениеті: араб, латын, орыс алфавиттері
  2. Қазақстан баспа саласының демократияландыру кезеңі. Заманауи Қазақстан баспа саласын жүйелеу.
  3. Салалық баспалардың репертуары
  4. Отандық тележурналистика тарихы
  5. Ғұмардың ғұлама ғұмыры
  6. Қазақстандағы кітап шығару индустриясы. Полиграфиялық кәсіпорындар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ