Қазан – қазақ кітаптарын шығарудың орталығы

0
1001
Иллюстрация: Freepik.com

Негізгі сұрақтар: Орталық қызметіндегі негізгі бағыттар. Қазақ халқының
арасында қазақ кітаптарын таралуына үлес қосқан ғалымдар. Басылым жүйесіндегі
құрылымдық өзгерістер.

Қазақ баспасының нығаюы, әдебиет түрлеріне қарай редакцияны мамандандыру, жаңа секторды құру. Кітап өнімдеріндегі негізгі тақырыптық бағыттары.

  1. Құжат ұғымы және функциясы. Құжат және ақпарат туралы түсінік
  2. Құжаттардың бірегейленуі мен стандартталуы
  3. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  4. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері

Адамзат тарихында терім пішіні мен баспа станогын ойлап шығару әлемдік
өркениетттің бір белгісі болатын.Сөйтіп түрліше жазу материалдары тез әрі дәлмедәл ойлап шығарылды. Ксилография әдісімен мөр басу бағзы заманнан белгілі еді.

Осы әдіспен Қытайда 868 ж. басылған кітап табылған. Ксилография бір кітап үшін
ағаш пішіндерден жаңа терімен жасауға тура келеді және бұл әдіспен түрлі
көлемдегі шығара алмаймыз.

Кітап басудың қазіргі кезде төрт компоненті белгілі.

Ең алғашқысы –тиісті қалыптан қозғалмайтын терім пішіні. Екіншісі – баспа станогының өзі. Үшіншісі — баспахана бояуы. Төртіншісі — басуға лайықты материал, яғни қағаз.

Кітап басу өнері қолжазба және басылым ретінде көптеген қилы жолдан өтті. Кітаптың іші мен сыртын нақыштап безендіру стилінде әрқашан заман талабы, кітапты шығарушы халықтың әсемдікке көзқарасы айнадағыдай көрініс тауып отырғанын байқауға болады. Кітап жазуы оқуға қолайлы, жеңіл болумен қатар сымбаттылығымен,
көркемдігімен көз тартуы тиіс.

Кітап шығарушылар алдымен каллиграфияға назар аударған. Гректің «Каллиграфия» деген сөзі «әдемі жазу» деген мағынаны білдіреді. Каллиграфия әр елде қаріп пен жазу құралына қарай дамыған. Орта Шығыс елдерінде қаламды қамыстан жонып шығарса, Еуропа көшірмешілері қауырсын қалам қолданған. Қиыр Шығыс иероглифі қылқаламмен түсірілген. Бұрынғы кездегі таспалы буманың тұтасқан композициясы кез- келген беттен қажетті жазуды оңай табуға болатын тұйық беттер композициясымен ауыстырылды.

Орта ғасырдың кодекс типті кітабы бұрын-сонды шыққан кітаптардың бәрінен өзінің сәнді сипатымен ерекшеленген. Мұқабасы терімен тыспалап отырған немесе металмен
әдіптелген және небір қымбат асыл тастармен әшекейленген мұндай кітаптар
қолөнерлік қасиетімен,ал қалыңдығы болса, көлденеңнен асып түсетін зілдей ауыр
салмағымен айрықшаланады. Кітап беттерін парақтағанда, кестедей төгілген
әшекейлі қойылған суреттер еріксіз көз тартатыны сөзсіз.

Сонымен қоса,сұлу жазу бұл кітап беттерін дауысынды мәнерлі түрде, созып оқуға икемдейтіндей. Баспа кітаптары жазба кітаптардан өзгеше, олар ат төбеліндей шағын тапқа емес, қалың көпшілікке арналды. Сондықтан оның безендірілуі мәні мен мәнері де өзгешелеу болды.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Басқа материалдар: 

  1. Қазақ баспа кітабының даму тарихы
  2. Жазу мәдениеті: араб, латын, орыс алфавиттері
  3. Қазақстан баспа саласының демократияландыру кезеңі. Заманауи Қазақстан баспа саласын жүйелеу.
  4. Салалық баспалардың репертуары
  5. Отандық тележурналистика тарихы
  6. Ғұмардың ғұлама ғұмыры
  7. Қазақстандағы кітап шығару индустриясы. Полиграфиялық кәсіпорындар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ