Қазақ өлкесіндегі өнеркәсіптің даму ерекшеліктері (сабақ жоспары)

0
1119
Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

— капиталистік қатынастар дамуының Қазақстанның экономикасына ықпалын анықтау.

Зерттеу сұрағы:

Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы қалай басталды?

Тірек сөздер: Көші-қон, орыс шаруалары, жатақтар, өнеркәсіп, кәсіпорын.

Оқулық
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуы. Капиталистік қатынастардың ене бастауы. 157-162 беттер.

Ресурстар
Халық тарих толқынында. Ғылыми серия:мақалалар жинағы.Т.І-2.Астана, 2013.
Қазақ елінің тарихы(Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі
тарихы. 1943 жылғы басылым).Алматы, 2012.
История Казахстана.Энциклопедический справочник. Алматы, 2010.
Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы»(М.Жолдасбекұлы,Қ.
Салғараұлы,А.Сейдімбек). Астана,2001.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап.Алматы, 2016.

Көрнекілік
Оқулықтың 158-бетіндегі ауыл көші және қазақ ауылы туралы суреттер.

Мақсатты айқындау
Қазақстанда қоныс аударушылардың көбеюіне байланысты жаңа нарықтық
қатынастардың пайда болғанын, осыған байланысты Қазақстанда урбанизация үдерісінің өрістеп қалалардың өркендегенін, олардың отырықшылармен көшпелілер арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру орталықтарына айналғандарынтүсіндіру.

Дамытушылық маңызы. Ресейдің сауда капиталының отаршылдық бағыты дамытқан жаңа нарықтық қатынастардың кейінгі Қазақстан экономикасына әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан үлкен ықпал жасағанын және мұның өзі ең алдымен қалалардың өркендеуіне ықпал жасағанын түсіндіру.

Тәрбиелік мақсаты. 19 ғасырдағы отаршыл нарықтық экономиканы және жәрмеңкелер жұмысын сипаттау арқылы бүгінгі тәуелсіз Қазақстандағы нарықтық қатынастардың өркендеуіне бастау болған себептердің тамыры тереңде жатқанын оқушыларға түсіндіре отырып, олардың бүігінгі Қазақстан экономикасының даму механизміне деген құрмет сезімін туғызу.

Сабақтың деректік материалдары
Мұғалім сабақ жоспары негізінде оқушыларды екі топқа бөліп, жұмыс жасауға жұмылдырады. Алғашқы топ қазақ ауылындағы сауда-саттықтың өркендеуі себептерін көрсетіп, сипаттамалар жазады. Екінші топ қазақорыс сауда байланыстарының қалалардың өркендеуіне қалай әсер еткендігін айқындайтын тезистер жасайды.

Сабақ түрі мен әдісі
Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақты өту барысында келесідей басты назарда ұсталатын мәселелер:

1. Жаңа нарықтық қатынастардың сауда-саттықта көрініс беруі
2. Ресей сауда капиталының шалғай қазақ ауылдарына ықпалы
3. Фабрикада жасалған тауарлардың арта түсуі.
4. Қазақстан қалаларының өркендей бастауы.

Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ