Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)

0
7253

1-мәтін

Ең соңғы шуағын қызықтасын дегендей күн бүгін өрескел ашық болды. Жарықтық жаз қайта шығатындай тау салқынын лезде түре қуып тастады да, елжіреген жылылық жайлап, маужыратады–ай…Айнаның өңі сынық қалпында, әйелдің тиесілі қарекетін зауықсыз болса да, күйбең–күйбең істеп, қабағы ашылмаған қалпы бір кіріп, бір шығып жүр. Бағана, таңертең күреңқабақ ішілген шай үстінде Ерік «бүгін күннің ашығын пайдаланып бал шайқаймыз» деп ескерткен. Бұл – биылғы қырманның соңғы жиын–теріні еді. Әншейінде сөзге араласпай отыра алмайтын Нүрке кемпір де ұлына өкпеледі ме, кім білсін, ләм–мим жақ ашқан жоқ. Осы таңның жалғыз сөзін Еріктің өзі айтты да, типыл болды. Ара ұяларына түтін салып, балы мен балауызы ылжыраған ағаш рамаларды суырып әкеліп Тағанға береді, ол болса бал шайқайтын аппаратқа салып, құлағын бұрап, шүмектен сорғалаған таза балды қотарып алып тұр. Келісім бойынша ол ақырғы рет қолғабыс тигізіп, ертең ерте аттанбақ.

1. Мәтінде суреттелген мезгіл

A) Күздің аяғы

B) Жаздың басы

C) Жаздың ортасы

D) Күздің басы

E) Жазғытұрым

2.Биылғы қырманның соңғы жиын- теріні- …

A) Егін

B) Бал

C) Бидай

D) Шөп

E) Жеміс

2-мәтін

Теріден жасалған көне футбол добы Англия мен Грецияда археологиялық қазбалар жүргізу кезінде табылған. Көне грек аңызына сенсек, адамдардың басты қызығушылығына айналатын ойынның пайда болуына махаббат құдайы Афродита негіз болған екен. Ол алғашқы теріден жасалған допты Гефестке (темірші, от құдайы) арнайы жасатып, адамдарға сыйға тартады. Әр түрлі салтқа байланысты доп Күннің, Айдың, тіпті Жердің пішіні ретінде қолданылған. Қазіргі футболға ұқсас көне ойындар эскимостар (тунгатгак), үндістер (лакота), Рим, Мысыр, Қытай (цуцзю) және инктер өркениетінде орыналған. Ал ең көне футбол Қытайда дамыған. 79 сөз

1.Афродита қай елдің құдайы?

A) Рим

B) Мысыр

C) Грек

D) Қытай

E) Үндістан

2.Афродитаның теріден доп жасап, адамдарға сыйға тартуының себебі

A) Футбол ойнағандықтан

B) Футболға қатты қызыққаннан

C) Футболшыларға деген құрметтен

D) Адамдарға жағу үшін

E) Футбол ойынын тарату үшін

3-мәтін

Тиін — қолға тез үйретілетін жануардың бірі. Ол есте сақтау, жылдамдық, ептілік, аңғарғыштық сияқты қабілеттерге ие. Тиін адамға жақын аймақта өмір сүреді, өйткені тамақты үйдің қуыстарынан іздейді. Үй тиіні өзінің иесін танып, лақапатымен шақырғанда келеді. Мұның барлығы тиіннің ақылдылығын ыңарқасы.

Өздеріңіз білетіндей егеуқұйрық адамға жақын жерде өмір сүреді. Кей түрін адамдар қолға үйретіп, үй жануарларының қатарын да ұстайды. Сәндік егеуқұйрықтың басқа түрлерінен айырмашылықтары аз емес: өте ақылды, сүйкімді және адаммен ойнағанды ұнатады. Егеуқұйрықты зерттеген кезде ғалымдар оның ешқандай қателіксіз алдындағыны санасын жылдам тауып алатынын көрген. Қоңыр түсті егеуқұйрық көне Қытай елі ерекше қадірлейтін жануар болған. 97 сөз

1.Мәтін мазмұнын жеткізуде қолданылған тәсілдер

A) Әңгімелеу

B) Сипаттау

C) Пайымдау

D) Ақпарат

E) Салыстыру

2.Мәтіннің мазмұнына сай тақырып

A) Тиіндер

B) Егеуқұйрықтар

C) Адамға жақын жануарлар

D) Қоңыр түсті егеуқұйрықтар

E) Үй жануарлары

4-мәтін

Қожа Ахмет Иасауи хазреттері

Қожа Ахмет Иасауи хазреттері – Түркістандық ұлы ғұлама, әулие. Әкесі-Исфитжабта даңққа бөленген әулие, Хазреті Әлидің ұрпағы Шейх Ибраһим. Тегі Хазреті Фатима анамызға жанаспағандықтан сәйид емес. Анасы-Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Қай жылы туылғаны белгісіз 1166 ж Түркістан(Иассы) қаласында қайтыс болған. Әмір Темір қабіріне өте көрнекті кесене салдырған. Ахмет Иассауидің ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Оған 16 ж қызмет етіп, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренген. Арыстан баб қайтыс болғаннан кейін Бұхараға барып сол заманғы әһли сүннет ғалымдарының ең үстемі Юсуф Хамаданиге байланып рухани ілімдерден дәріс алды.

1.Әмір Темірдің Иассауиға арнап кесене салдыруының мәнісі

A) Жерлесі болғандықтан

B) Қатты құрметтегендіктен

C) Туысы болғандықтан

D) Ұстазы болғандықтан

E) Ілім үйренгендіктен

2.Қожа Ахмет Иассауиге тән ерекшеліктер

A) Әулие, имам

B) Шейх, ғалым

C) Ғұлама, әулие

D) Ғұлама, ғалым

E) Ұстаз, ақын

5-мәтін

Зайсан көлін ертеде моңғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар. Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ. Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді.
(90 сөз )

1. Екінші абзацта не туралы айтылған? A) Көлді мекендейтін жәндіктер туралы

B) Көлдегі балықтар туралы

C) Көлдің көлемі туралы

D) Көл атауы туралы

E) Қамысты құрақтағы құстар туралы

2. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?

A) Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты.

B) Көлдің әдемілігіне байланысты

C) Көк толқындардың жылдамдығына байланысты

D) Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты

E) Көл толқындарының бұйралығына байланысты

Ұқсас материалдар: 

  1. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  2. Әдебиеттің тектері мен түрлері
  3. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  4. Лирикалық тек, лирикалық жанрлар
  5. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  6. Драмалық тек, драмалық бейнелеу
  7. Әдеби ағымдар туралы түсінік
  8. Қазақстан тарихы пәнінен мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  9. Қазақстан тарихы пәнінен мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  10. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  11. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  12. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  13. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  14. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  15. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ