Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары (І нұсқа)

0
2804
Иллюстрация: Freepik.com

1. 1643 жылы жоңғармен шайқаста Алшын Жалаңтөс батыр көмекке келді:

A) Есім ханға

B) Жәңгір ханға

C) Қайып ханға

D) Тәуке ханға

E) Тұрсын ханға

2. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына түрткі болды:

A) 1916 ж. 25 маусымдағы патша жарлығы

B) 45 млн. десятина жердің тартып алынуы

C) Столыпиннің аграрлық саясаты

D) Салықтың шамадан тыс көбеюі

E) Баж салығының қазақтарға міндеттенуі

3. 1917 ж. қарашаның 22-сінде М.Шоқай ашқан Бүкілтүркістандық төтенше

IV съезд өтті:

A) Минскіде

B) Ташкентте

C) Түркістанда

D) Қоқанда

E) Верныйда

4. Мәскеу түбінде ерлік көрсеткен қазақ батырлары:

A) Р.Қошқарбаев, Г.Булатов

B) М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров

C) А.Егоров, З.Құсаинов

D) Қ.Сыпатаев, Т.Мырзаев

E) Л.Беда, И.Павлов

5. XX ғ. 50-жылдарында Теміртаудағы жұмысшылар наразылығының себебі:

A) ұлтаралық қақтығыстар

B) еңбекақының аздығы

C) құрылыстың баяу жүргізілуі

D) басшылардың дөрекілігі

E) әлеуметтік жағдай

6. 1960 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып

сайланды:

A) Ж.Шаяхметов

B) Л.И.Брежнев

C) П.К.Пономаренко

D) Н.И.Беляев

E) Д.А.Қонаев

7. ХІ ғасырда қыпшақ хандығының қолына толығымен көшкен қағанат жері:

A) Қимақ B) Түрік C) Түркеш D) Қарлұқ E) Оғыз

8. Дың ескерткіштері көп сақталған жерлер:

A) Орталық Қазақстан, Жетісу

B) Тобыл, Торғай бойы

C) Солтүстік Қазақстан, Ертіс бойы

D) Сібір, Орал өңірі

E) Жайық, Еділ бойы

9. Әбілқайырды хан (XV ғасыр) сайлағанда қатысқан ақсүйек-шонжарлар

саны:

A) 500-ге жуық

B) 600-ден астам

C) 200-ден астам

D) 400-ге жуық

E) 300-ден астам

10. Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы қоңыраттар мекендеген өңір:

A) Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлер

B) Алтай, Тарбағатай өңірлері

C) Ертіс бойы

D) Түркістан мен Қаратау аралығы

E) Жетісу жері

11. 1570 жылдардың аяғында Хақназардың билігінде болған өңір:

A) Жетісудың шығысы

B) Жетісудың солтүстік-шығысы

C) Шу, Талас өңірі

D) Ертіс бойы

E) Мауараннахр

12. Тәуке ханның мирасқоры:

A) Қасым хан

B) Қайып хан

C) Әбілқайыр хан

D) Хақназар хан

E) Барақ сұлтан

13. 1860 жылы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс:

A) Басталды

B) Жеңілді

C) Жаңа кезеңге өтті

D) Қазақ жеріне тарады

E) Өрістей түсті

14. 1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай көтерілісін жаншуға жіберген жазалаушы отрядты басқарған подполковник:

A) Пономарев B) Геке C) Рукин D) Колпаков E) Смирнов

15. 1886 жылғы «Ережеге» сай мұсылман тұрғындардың ісін жүргізетін

төменгі сот буыны:

A) Қазылар соты

B) Халық соты

C) Бітістіруші сот

D) Билер соты

E) Хандық сот

16. Қазақстанның Ресейге қосылу процесі аяқталды:

A) ХІХ ғ. 40-жылдары

B) ХІХ ғ. соңы

C) ХІХ ғ. басы

D) ХІХ ғ. 60-жылдары

E) ХІХ ғ. 30-жылдары

17. XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің өкілі:

A) Олжас Сүлейменов

B) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

C) Шерхан Мұртаза

D) Ғабиден Мұстафин

E) Тайыр Жароков

18. 1927 жылы Әміре Қашаубаев өнер көрсеткен ел:

A) Дания

B) Франция

C) Англия

D) Германия

E) Испания

19. 1991 жылы 7 қыркүйекте болған Қазақстан Компартиясының төтенше

съезінде қабылданған шешім:

A) Партияның атауын өзгерту

B) Қазақстан компартиясын тарату

C) Қазақстан компартиясын ұлғайту

D) Партияға жастарды көбірек тарту

E) Қазақстан компартиясының жаңа басшысын сайлау

20. Қ.И.Сәтбаевтың есебі бойынша көне заманда Жезқазғанда өндірілген 1 миллион тонна кеннен қорытылған мыстың мөлшері:

A) 100 мың тонна

B) 300 мың тонна

C) 200 мың тонна

D) 250 мың тонна

E) 50 мың тонна

21. 1960 жылы зерттелген Шығыс Қазақстан жеріндегі қорған атауы:

A) Тасмола

B) Бесшатыр

C) Шілікті

D) Берел

E) Шірік-Рабат

22. Алғаш Жібек сататын орындары болған Жапония астанасы:

A) Нарга

B) Киото

C) Эдо

D) Хиого

E) Хаката

23. XIX ғасырдың аяғында есімдері көпшілікке танылған қазақ саудагерлері:

A) Тіленшіұлы, Шопайұлы

B) Жетікұлы, Жандыбайұлы

C) Майлыбайұлы, Тілекұлы

D) Доғанбекұлы, Қалдыбайұлы

E) Жәнібекұлы, Майлыбайұлы

24. Өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғаушы, 1906 жылғы Мемлекеттік

Думаның депутаты:

A) А.Қалменұлы

B) Б.Құлманов

C) М.Тынышбаев

D) Б.Қаратаев

E) Ш.Қосшығұлов

25. 1992 жылдан бастап байланысын нығайтқан халықаралық ұйымдардың

бірі:

A) «Ислам конференциясы»

B) «Орталық Азия» одағы

C) «Дүниежүзілік сауда ұйымы»

D) «Экономикалық кеңес»

E) ЮНЕСКО

Ұқсас материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ