Қазақстандағы кітап шығару индустриясы. Полиграфиялық кәсіпорындар

0
1441
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Қазақстанда кітап шығару индустриясына баспалар, полиграфиялық кәсіпорындар, Кітап сауда кәсіпорындары кіреді.

Баспа үйі деп кітаптар, газеттер, журналдар, нота, плакаттар, электронды және аралас басылымдар мен басқа да өнімдер түрлерін дайындайтын, шығаратын және сататын мемлекеттік, қоғамдық, кооперативтік, акционерлік немесе жеке кәсіпорын түсініледі.

1980 жылдары Қазақстанда 14 тен астам баспалар кітап шығарумен айналысты, олар толығымен мемлекеттік басқаруда болды.

  1. Құжат ұғымы және функциясы. Құжат және ақпарат туралы түсінік
  2. Құжаттардың бірегейленуі мен стандартталуы
  3. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  4. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері

Полиграфиялық компания дегеніміз — баспа өнімдерін шығару үшін баспа жұмыстарының барлық немесе кейбір түрлерін орындайтын өндірістік кәсіпорын.

Кітап саудасының кәсіпорындарына кітап дүкендері, көтерме және ұсақ көтерме кәсіпорындар, кітапхана коллекционерлері және басқа да кітап өнімдерін сатумен айналысатын құрылымдар жатады.

Қазақстандағы бүгінгі баспахана қызметі қарқынды даму үстінде. Ірі баспалар өз жұмыстарына жоғары сапалы полиграфия құралдарын қолда-нады. Дегенмен, аймақтардағы майда баспа орындарына техникалық жабдықталуы әлі де болса төмен. Қазіргі кезде, өте көп майда баспаханалардың пайда болу себебінен, республикадағы баспаханалардың дәл санын көрсету мүмкін емес. Бірнеше белгілі ірі баспаханаларды көрсетуге болады, олар: РПИК «Дәуір», Полиграфкомбинат, Интелсервис, жедел басылым баспаханасы «ТОП» т. с. с.

Кейінгі жылдар ішінде шығарылатын басылымдардың баспаханалық сапасы мен дизайны жақсара түсті. Егер бұрын басылымдар газет қағазына ақ-қара түспен басылатын болса, қазір олар офсеттік машиналармен басылады. Журналдардың сыртқы қаптамалары түрлі-түсті етіліп басылады, басылымдардың пішімі оқырмандардың сұранысына ыңғайластырылған. Біздегі көптеген басылымдардың, жұмыс барысында қолдануды және сақтауды жеңілдететін арнайы бекіткіштері бар.

Қазіргі кезде еліміздегі баспаханалардың ішінде ең қуаттысы «Атамұра» полиграфия комбинаты. Мұнда кітап шығару процессінің барлық кезеңі өзінде атқарылатын баспаханалық жүйе қалыптасқан. Полиграфия комбинаты «Атамұра» баспасы мен өзге де республикалық баспалар мен жеке мекемелердің тапсырысын орындап, жоғары сапалы өнімдерді шығарады. Соңғы он жылдың ішінде баспаханада Германия, Швейцария, Дания фирмаларының осы заманғы түрлі полиграфиялық машиналары жұмыс істейді.

Бүгінде «Атамұра» комбинаты Орта Азиядағы ең үздік техникалармен жарақталған полиграфия мекемесі деп айтуға толық негіз бар.

2001 жылы «Кітап» фабрикасының негізінде екі ірі полиграфиялық мекеме «Кітап» фабрикасы мен газет-журналдар баспасын қосу арқылы «Республикалық «Дәуір» өндірістік — баспа кешені» ЖШС құрылды.

Бүгінде соңғы техникалармен жарақтанған «Дәуірдің» өнімдері еуропалық технологияық стандартқа сәйкес шығарылады.

Материалдарды теру мен қаттау ақ-қара және түрлі-түсті түпнұсқаларды өңдеу поцесстері қазіргі бағдарламаларды пайдалана отырып компьютермен атқарылады.

Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде «Кітап» бірлестігі де өзгерістерге ұшырады. 1991 жылдан бастап барлық жеке өндірістік құрылымдарға айналды. Үкіметтің қаулысымен «Кітап» фабрикасының бұрын офсетті цех орналасқан ғимаратында бағалы қағаздар цехы ашылды. Ол жаңа техникамен жабдықталған, басу цехында «Planeta» неміс фирмасының жоғары жылдамдықты машинасы, «Камбус» фирмасының «Компакт—2000» желісі орнатылған.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ