Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылар қарсаңындағы жағдайы (сабақ жоспары)

0
3779
Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

– Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;

Зерттеу сұрағы

Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының ерекшеліктері қандай?

Оқулық

Ресей империясының Қазақстанның оңтүстік аймақтарын қосып алуы. 112–118 беттер.

Тірек сөздер: ағылшындар, Хиуа хандығы, Бұхара хандығы, Ұлыбритания.

Ресурстар

1. Халық тарих толқынында. Ғылыми серия: мақалалар жинағы. – Т.І2. – Астана, 2013.
2. Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге
дейінгі тарихы. 1943 жылғы басылым). – Алматы, 2012.
3. История Казахстана. Энциклопедический справочник. – Алматы, 2010.

Көрнекілік
Ресейдің Оңтүстік Қазақстандағы отарлау саясатының бағытын көрсететін карта, Верный бекінісінің 1857 жылы салынған суреті, Ресейдің Қазақстанды отарлау кезеңдерін көрсететін карта.

Мақсатты айқындау
Ресей империясының оңтүстік Қазақстанды отарлауының алғышарттарын, Үндістанда орнығып алған ағылшын үкіметінің қолдауына сүйенген Орта Азия хандықтарының Ресейге қарсы әрекеттерін, қазақ жерін Ресейдің қалай бағындырғанын көрсету.

Дамытушылық маңызы. Ресейдің Қазақстанды жаулау әрекеттерінің өрістеп кетуіне мүмкіндік берген ахуалды талдай отырып, Қазақстан бүгінгі күні де Ұлы империяларға көрші орналасқандықтан осы мемлекеттермен қарым-қатынаста тарих тәжірибесін ескеруі тиіс екендігін оқушыларға түсіндіру.

Тәрбиелік маңызы. Ресейдің отарлау барысында Оңтүстік Қазақстандағы халық мүддесін қорғаған тарихи тұлғалардың іс-әрекетінің негізінде оқушыларды халықшылдыққа, ел мүддесіне қызмет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың деректік материалдары

Мұғалім оқушыларға Ресейдің Оңтүстік Қазақстанға отаршылдық саясатының себептерін түсіндіреді.

Қоқан хандығының қарсылығына байланысты Жетісуда Верный бекінісінің салынуының қолға алынғанын, бұл бекіністің Қазақстанның оңтүстік аудандары мен қырғыз жерінің Ресей қол астына қарауын тездеткенін, кейіннен осы бекіністің аумағында Алматы қаласының бой көтергенін, Қазақстанның Ресейге қосылуының салдарларын және Ресей тарапынан қазақ жерін әскери отарлаудың күшейе түскенін нақты дәлелдермен түсіндіреді. Оқушылар үш топқа бөлініп жұмыс жасайды.

Алғашқы топ Ресей әкімшілігінің Оңтүстік Қазақстанды отарлауына қарсы Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтарының ағылшын үкіметінің қолдауына сүйеніп жасаған әрекеттерін тезис түрінде жазып шығады.

2-топ Верный бекінісінің салынуы және оның отаршылдықты күшейтудегі рөлін осы маңда бой көтерген елдімекендердің – Үш Алматы елді мекенінің арғы тарихтан бастау алып және Верный бекінісіне жалғасатын тарихын Верный және Алматы қаласының
тарихы туралы деректер негізінде баяндайды.  Мұндайда оқушылар Алматы қаласының 2000 жылдығына байланысты ғылыми-теориялық конференция материалдарын пайдаланады.

3-топ Әбілқайыр хан бастап қол қойған 1731 жылғы орысқа бодандыққа қарау туралы құжаттардың мазмұнын және Ресейдің Қазақстанды толық бағындыруының нәтижелері мен салдарларын көрсетіп тезистер жазады.

Сабақ түрі мен әдісі

Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер

1. Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жеделдете отарлауының себептері,
кезеңдері.
2. Верный бекінісінің салынуы.

3. Ресейдің қазақ жерін толық бағындыруы.
4. Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижелері мен салдарлары.
5. Қазақстан аумағын әскери отарлаудың күшеюі.

Бағалау мүмкіндігі
Мұғалім өзінің сабақ өткізуге дайындап әкелген жоспары бойынша
төмендегі мәселелерге байланысты тұжырымдар жасайды:

1. Ресей империясы Қазақстанның Ұлы жүз аймағын отарлауға саяси және
экономикалық жағынан мүдделі болды.
2. Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды отарлауын жеделдеткен себептер.
3. Верный бекінісінің аймағындағы қазақ өлкесінің бұрынғы және кейінгі
тарихы.

4. Ресейге Қазақстанның күшпен қосылуының салдарлары.
5. Ресейдің әскери отарлауды күшейте түсуі.

Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Қосымша тапсырма
1. Мұғалім оқушыларға оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындап келуді тапсырады.

2. Оқушылар Ұзынағаш шайқасын сипаттайтын эссе жазып әкеледі.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:

  1. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  3. Дәстүрлі рухани мәдениет (салт-дәстүр) (сабақ жоспары)
  4. Абылай ханның қайраткер ретінде қалыптасуы (сабақ жоспары)
  5. Абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы (сабақ жоспары)
  6. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  7. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  8. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  9. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  10. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  11. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  12. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  13. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ