Баспа өнімдерінің өзіндік құны

0
1369
Freepik.com

Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің аса маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі.

Пайда жалпы толық пайда және таза пайда болып бөлінеді. Нарықтық экономика жағдайында өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің басты көрсеткіші болып табылады. Нарықты экономикасы дамыған елдерде өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау басқарушылық есепте көрсетіледі.

 Баспа өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге  әсер  ететін факторлар

Экономикалық есептеу барысында баспа өнімдерін даярлаудың барынша ұтымды экономикалық тәсілдерін таңдау керек.

Мысалы, таралымы мен көлемі кіші өнімдерді кіші пішімді офсеттік машиналарда және ризография жабдықтарына басу экономикалық тиімді. Жаппай бұқаралық, орташа сапалы өнімдерді орташа сапалы арзан қағаздарда басқан тиімді.

Өнімнің өзіндік құнының экономикада маңызы зор, ол – баға жасақтаудың базасы.

Кітаптың өзіндік құны және оны төмендетудің жолдары.

Баспа процесінің өзіндік қүны (шығындары) баспаның ресурстарын тиімді пайдаланудың интегралды корсеткіші болып табылады. Бұл жерде басылымды басып шығаруға дейінгі, яғни қолжазбаны баспаға дайындау шығыны, баспаханалық жұмыстарды орындауға кеткен және басылымды таратуға кеткен шығындар.

Негізгі шығындардан құралатын: авторлық сыйақы, редакциялық және жалпы баспа шығыны, баспахана жұмыстары үшін шығындар, материалдарға жұмсалған және сату үшін кеткен шығындар. Есептеген кезде шығынның жартысынан көбі полиграфиялық және соған сәйкес шығындарды құрайды, қалғаны баспаның өз шығындарын кұрайды.

Ал баспаның шығындары жеке шығындар жинағын кұрайды. Әрине, мемлекеттік салық төлеу кұжаттарына сәйкес, баспалар да өнімнің өзіндік құнын анықтаған кезде, жалпы мемлекеттік деңгейде басшылыққа алынатын салық төлеу ережелеріне сүйенуі тиіс.

Мәселен, ЖОО баспалары, құрылымдық бөлімше болғандыктан, өз өнімдерінің өзіндік құнын есептеген кезде шығынның жарты мөлшерін жоғары оқу орнының шығындар сметасына аударуына болады, соның есебінен баға деңгейін белгілеуде ерекшеліктерге, табысқа жетуі мүмкін. Сол себепті басшылар, баспаның ұйымдастырушылық-құкықтық формасын өте мұқият таңдауы тиіс.

Егер баспа ЖОО-ның кұрылымдык бөлімшесі болса, онда баспа көбінесе кітапты баспаға дайындау үшін шығындар жұмсайды, ал энергия, құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары, амор тизациялық шығындар, сонымен бірге бюджетке төленетін төлем- ақылар және баска да шығындарды ЖОО әкімшілігі мойнына алады. Бұл міндеттер келісімшарт кезінде жузеге асырылады.

  • 1-ші жағдайда: Баспа ЖОО-ның кұрылымдык бөлімшесі болып табылады жэне ішкі шаруашылык есеп негізінде жұмыс істейді.
  • 2-ші жағдайда: Баспа редакциялық-баспалык бөлім ретінде ЖОО кұрылымдык бөлімі болып табылады. Сенімхат негізінде заңды ұйым өкілеттігін жүзеге асырады. Дербес шоты бар, бірақ ЖОО ал- дында есепті баспа.
  • 3-ші жағдайда: Дербес балансы, банкте жэне т.б. несие мекемелерінде есеп шоты бар, өз атауымен мөрі, бланкісі, штампісі, тауарлық белгісі бар.
  • 4-ші жағдайда: Баспалық-полиграфиялык кешенін кұру. Ортақ кызметтері жалпы баланс бойынша есептеледі. Есепшотты ЖОО ашады.

Бұл ЖОО баспасының ұйымдастырушылық-кұқықтык формасы жөніндегі мәселенің көтеріліп отырған себебі, бұл формалармен жұмыс істейтін баспаның ұйымдастырушылық емес, қандай экономикалық ерекшеліктері бар екенін білу қажет. Көп баспалар заңды мәртебе алып, қаржы жағынан тәуелсіз болса, өзінің көптеген факторларын (еңбекақы төлеу, т.б.) шешуге мүмкіндіктер туады деп есептейді. Бірақ олар көптеген басқа факторларды ескермейді: мысалы, салық төлемдері жэне көптеген басқа да міндетті түрде төленетін қосымша төлемдер т.с.с.

ЖОО баспаларының басшылары үшін жұмыс істеуге ең қолайлы форма бұл баспаның жартылай ғана тәуелсіз болуы жэне баспаның каржы жағынан белгілі бір мөлшерде тәуелсіз болғандығы ұтымды. Өйткені ЖОО-ның есеп айырысу шотын пайдаланған кезде, баспаның озіне түскен пайда оның бөлімшелері арасында боліске түседі. Қаржы осы бөлімшелердің еңбекақы төлеу қорына және негізгі өндірістік қорлардың құнына пропорционалды түрде бөлінеді.

Қай көрсеткіш: жұмысшылар санының орташа мөлшері ме, еңбекақы төлеу қоры негізгі есепке алына ма екен, бұл мәселені ЖОО-ның басшылығы шешеді. Осы 2 көрсеткіштің бірі ғана негізге алынып, жыл аяғына дейін өзгертілмеуі тиіс. Бөлінген пайда мөлшерінің көлемінде баспа басшысы ол қаржыға басшылық жасайды. Пайда аз болса, да баспа үшін сенімді өз қаржысы.

Сондықтан баспаның өз есеп айырысу шотын ашу әлдеқайда тиімді, өйткені баспа өзі шығарып жатқан өнімдерінің қаншалықты пайда әкеліп жатқанын бақылауға қолайлы. Баспаның пайдасына жұмысшылардың саны, негізгі өндірістік қорлар, салық төлемдері жэне басқа баспа өндірісінің шығындары әсер етеді. Бірак кейбір салык төлеу жеңілдіктерінен айырылуы мүмкін. Сонымен баспаның қандай ұйымдастырушылық-құқықтық формада болғанының тиімді екенін анықтау үшін өзіндік қүнға салыстырмалы талдау жасау қажет.

Ал кітаптың өзіндік құнын төмендету үшін рационалды емес шығындарды іздеп табу қажет. Ол үшін көп тәсілдер мен құралдарды қолдануға болады. Мамандардың айтуы бойынша, ең тиімді әдіс — бұл кітап басып шығару процесінің функционалдық және құндык анализін жасау.

Ол үшін кітап басып шығару процестерін атап өтейік:

  1. Әрбір баспада кітапты редакииялық-баспалық процеске әзірлеудің өзінше қалыптасқан жүйесі бар. Сол себепті кітап шығару процесінің негізгі кезеңдерін ғана атап көрсетеміз. Бір жағдайда, кітапты басуға эзірлеу процестерінен бастап, кітаптың түпнұсқа макетін немесе пленка дайындауға дейінгі процесті алсақ, бірде кітаптың сүйінші данасын шығарғанға дейінгі, ал 3-ші жағдайда кітап таралымының бөлшек саудаға түсуге дейінгі процесін аламыз.
  1. Кітапты баспаға дайындаудың әрбір кезеңінде оган кететін шығынның көлемін нақты анықтауға болады. Бұл жерде абсолюттік (бухгалтерлік) нақтылықтың қажеті жоқ. Тек кітап шығару процесінің әр кезеңіндегі шығынның мөлшерін анықтаса жетіп жатыр. Кітап шығару процесінің әрқайсысының құны — баспа процесінің барлық кезеңіне жұмсалатын жалпы шығынның бір бөлігі. Оқу әдебиеттерін шығару процесіне кететін жалпы шығындарды жеке-жеке кезеңдерде салыстыра отырып қарастыру кітап шығарудың шығындарын төмендетудің негізгі резервтері қай жерде екенін анықтауға мүмкіндік береді.
  1. Әрбір кезеңде атқарылатын функцияларды анықтау. Баспа процесінің эр кезеңіне тоқталып, белгілі бір кезеңде не істелінеді жэне не үшін жасалады? деген мәселеге үлкен көңіл бөлу қажет және әр кітап басу процесінде қандай жұмыс атқарылатынына үлкен мән беру қажет, ол процесс қалай жасалғанында емес, қандай нәтиже шығатындығы маңызды. Сол себепті барлық кітап шығару кезеңдерін жеке-жеке қарастыру атқарылатын жұмыстардың альтернативті әдістерін қарастыруға жол ашады.

Алғашқы 3 кезеңнің нэтижесі формулярға енгізілуі тиіс. Функциялар нөмірленуі тиіс.

  1. Басылым сапасының функциясын анықтау. Басылымның түріне байланысты оның сапасы да өзгереді. Сол себепті кітаптың сапалық өлшемдерін аныктайтын функцияларды білу керек. Ол қай функцияны таңдауға болатындығын анықтау үшін кажет.
  2. Функциялардың салыстырмалы маңыздылығын анықтау. Әрбір функцияның маңыздылық коэффициенті болады. Функцияның маңыздылығын көрсететін салыстырмалы баға осы функцияның баспа өнімінің сапасына қосқан үлесі ретінде қарастырылады.
  3. Осы функцияларды жүзеге асыруға кеткен салыстырмалы шығындарды анықтау. Әрбір функция бойынша салыстырмалы шығындарды есептеу үшін, алдымен әрбір кезеңдегі шығындарды әрбір функцияға сәйкес бөлу керек. Әрбір функцияның салыстырмалы шығындары баспа процесінің жалпы шығындарына катысты анықталады.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Бақса материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ