ҰБТ туралы әрбір оқушы білу керек маңызды нәрселер

0
817
Иллюстрация: Freepik.com

1. “Дайындықты тым ерте бастасам, жақындағанда ұмытып қаламын…”

Сен үшін тым ерте деген қай уақыт? Бес пәнді 6-сыныптан бастап оқу, практика жасап сұрақтарға бұлжытпай дұрыс жауап беруді үйрену үшін дайындықты бастаудың “тым ерте” деген мезгілі жоқ. Барлығын меңгеріп алып, оларды практика жүзінде қолдана беру керек. Ал ол көп уақытты алады. Сондықтан тым ерте немесе тым кеш деген болмау керек, ақырындап дайындығыңды бастап кетсең, ары қарай режимге кіре бастайсың.

2. “1 айда меңгеріп шығу мүмкін емес… Әлде бұл мүмкін нәрсе ме?”

Көп адам сондай сұрақ қояды. Кемінде екі сағаттан аптасына екі рет теория оқып, практика жасап есеп шығарып көрмеген соң ол балаға мүмкін еместей көрінеді. Негізінен 1 айда толығымен мектеп бағдарламасын аяқтау қиын емес. Ең бастысы дайындық болса, болғаны…

3. “ Жаңа бағдарламада қалай болады, ҰБТ өзгеріп жатыр, не істейміз?”

Ешқандай өзгерістерден қорықпа! Жаңа бағдарламада ғылымға жаңа үйрену керек заңдарды, теорияларды енгізіп, есептердің шығару жолын өзгертіп жатқан жоқ.

Барлығы сол қалпында. Ең маңыздысы –сен дайындалып жатырсың, тақырыптарды білесің, есеп шығаруды білесің. Сенен ҰБТ-да сұрақты қалай айналдырып берсе де, неше сұрақ қойса да, сол оқыған программаның айналасында болады. Жаңа нәрселерден қорықпау керек. Барлығы сендердің комфорттарың үшін, барлығы әділ  болу үшін жасалып жатыр деп қабылда.

Екі форматты салыстырып көрейік:

Ескі форматта:
1. Пәндерді орындауға уақыт есептеу керек;
2. Мәліметтерді қатесіз толтыру жайлы алаңдаушылық;
3. Бланкты бояуға арнайы уақыт іздеу;
4. Қате боясаң, кері қайтара алмайтыныңды түсініп, тағы стресске түсу;
5. Есеп шығарғанда да жоғарыдағы нәрсені ойлай беріп, тапсырмаға дұрыс көңіл бөле алмау, т.б.
6. Жауабын кешке дейін тағы нервпен күту.

Жаңа форматта:
1. Бар уақытыңды тек есеп шығарып, пәндерді орындауға алаңсыз жұмсау;
2. Бар жүйкеңді құртатын бояйтын бланк жоқ, барлығы автоматтандырылған;
3. Жұрттың көшіріп алу, ақылдасу ықтималдығы аз;
4. Жауабы дереу шығады. Соның арқасында көп алаңдамайсың, аппеляцияға бергің келген сұрақтарыңды ұмытып қалмай, тез арада аппеляцияға барсаң болады.

Тағы қандай өзгерістер болатыны әлі белгісіз. Енді екі форматты салыстырып қарағанда қайсысы тиімдірек екенін түсінуге болады. Барлығына оптимисттік көзқараспен қарауды үйрен. Сондықтан көп уақытыңды алаңдаушылық пен стресске жұмсамай, дайындыққа кіріс.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ