Дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістер (сабақ жоспары)

0
2665
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты
— дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау.

Зерттеу сұрағы
Патша өкіметі тарапынан «бөліп ал да, билей бер» ұстанымы қалай жүзеге асты?

Оқулық
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістер. 141–143 беттер.

Тірек сөздер: Уезд, болыс, ауыл ақсақалы.

Ресурстар
Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов (Основы жизнедеятельности
номадного общества) – Алматы-Москва: Совинвест-Горизонт, 1995
Казахи: историко-этнографические исследования. – Алматы: Қазақстан,
1995. – 352 с.
Артықбаев Ж.О. Қоғам және этнос (ХVIII ғасырдағы қазақ қоғамының
этноәлеуметтік құрылымы). – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2004. 392 б.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. –
Алматы: Атамұра, 2002. 768 б.

Көрнекілік
ХІХ ғасырдың 2-жартысындағы қазақ жері картасы. Әкімшілік Ережелерге қарай бөлінген облыстар, уездер картасы. Дәстүрлі қазақ ауылының келбетінен суреттер. Қазақ ауылының тарихи фотосуреттерін http://csmrk. kz/; e-history.kz сайттарынан алуға болады.

Мақсатты айқындау
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы ХІХ ғасырдың 2 жартысындағы Әкімшілік Ережелердің енгізілуі, облыс, уезд, болыстық, ауылдар құрылуын, құрамын, көлемін түсіндіру. Дәстүрлі билік жүйесіндегі өзгерістер, көшпелі ауылдардың жайылымдық жерлерінің тарылуы, олардың байырғы мерзімдік қоныстарындағы шұрайлы жерлерді қоныстанушылар есебіне беруі туралы айтып түсіндіру.

Дамытушылық маңызы. Дәстүрлі қазақ ауылына деген қызығушылығын тудырып, осы тақырыпты ғылыми-шығармашылық тұрғыдан зерттеуге бет бұруға ынтасын арттыру. Дәстүрлі қазақ ауылына деген қызығушылығын тудырып, осы тақырыпты ғылыми-шығармашылық тұрғыдан зерттеуге бет бұруға ынтасын арттыру.

Тәрбиелік маңызы. Дәстүрлі қазақ ауылындағы қамтылып отырған кезеңдегі өзгерістерді оқи отырып, оқушыларды қазақ ауылын құрметтеуге, туған жерін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі мен әдісі.
Тарихи танымдылық, ғылыми-танымдық. Интербелсенділік, сыни талдау, креативті ойлау.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақты өту барысында келесідей басты назарда ұсталатын мәселелер:

1. Әкімшілік бөліністер: облыс, уезд, болыстық, ауыл. Бір бірінен айырмашылығы.

2. Ауыл ақсақалының атқаратын міндеті.

Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіру барысында ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы уездер аймақтарының қазіргі қай облыс аймақтарына сәйкес келетіндігін айту керек.

Бағалау мүмкіндігі
Оқушы білімін бағалауға ұсынылатын сұрақтар:

1. Ауылнай, ауыл ақсалдары қандай қызметтер атқарған?

2. Болыс қалай сайланған?

3. Қауым қалай құрылды?

4. Отау үй, жаңа ауыл қалай қалыптасқан?

Қосымша тапсырма
Байырғы ауыл келбетін кітапта берілген суреттерге қарап сипатта.

Білімін шыңдауға берілген тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
1. Ережелерге сәйкес қазақ қоғамының әкімшілік бөліну түрлерін
табыңыз:

А) Облыс губернаторы; Е) Округ;
В) Уезд; F) Ауыл;
С) Генерал губернаторлық; G) Шаңырақ;
Д) Болыс; H) Болыс сұлтаны.

Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
2. Ережелерге сәйкес қазақ қоғамының әкімшілік басқару түрлерін табыңыз:
А) Уезд бастығы; Е) Ауылнай;
В) Сұлтан; F) Елбасы;
С) Болыс сұлтаны; G) Шабарман;
Д) Ру басы, Би; H) Ат қосшы.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:

  1. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  3. Дәстүрлі рухани мәдениет (салт-дәстүр) (сабақ жоспары)
  4. Абылай ханның қайраткер ретінде қалыптасуы (сабақ жоспары)
  5. Абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы (сабақ жоспары)
  6. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  7. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  8. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  9. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  10. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ