Елімізде көктемгі ҰБТ 10 наурызда басталады

0
562
Иллюстрация: Freepik.com

Түлектер наурыздағы Ұлттық біріңғай тестілеуді компьютермен тапсырады. Оның нәтижесімен жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне оқуға түсуге болады.  

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Наурыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін app.testcenter.kz сілтемесі бойынша тіркелу қажет. Пәндер саны бесеу: үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тестілеу жүргізіледі. Тестілеуге жалпы 4 сағат (240 минут) беріледі. Максималь балл – 140.

Көктемдегі ҰБТ 10 наурызда басталып, 10 сәуірге дейін жалғасады. Тестілеу электрон форматта “бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера” қағидасы бойынша өтеді. Прокторинг жүйесі қолданылады, бейнебақылау камерасы орнатылады, – деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Ведомство өкілінің айтуынша, сонымен бірге тұлғаны цифрлық сәйкестендіру – Face ID жүйесі енгізіледі. Оның көмегімен Ұлттық біріңғай тестілеуге қатыспақ болған бөтен адамдарды анықтауға болады.

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық біріңғай тестілеу өткізу кезінде санитария талаптары қатаң сақталатынын хабарлады.

Басқа материалдар:

  1. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  10. Көркем троптар, олардың түрлері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ