Есте сақтау қабілетін арттыру үшін…

0
862
Иллюстрация: Freepik.com

Әдетте 20 формуланы немесе тарихи жылдарды жаттау үшін мына классикалық әдісті қолданасыз ғой: оқып аласыз да, кітапты жастықтың астына қоясыз, көзден жас шыққанша оқығаныңызды қайталайсыз, бәрібір есіңізге түспейді, сосын кітапты тығылып отырып қайта ашасыз.

Сонымен, ақпараттарды есте қалай сақтауға болады? Осы туралы бірнеше кеңестер: ⠀

1. Хат жазыңыз. 2008 жылы Киото Университетінде жүргізілген зерттеу нәтижесі мынадай тұжырым айтты: белгілі бір нәрсені жаттауға кіріспестен 15-20 минут бұрын қайғылы ойларды еске түсіріп, қағазға түсіру жаттау үдерісін күрт өсіріп жібереді екен. Бұл қалай? Біз, адамдар, негативті долбарларды өте жақсы есте сақтаймыз. Яғни, адам миы хатқа жазылған естеліктерден кейін оқылған нәрсені бірден қағып алады. Әрине, көңілді әдіс емес, бірақ іске асқан. ⠀

2. Белсенді болыңыз. Шет тілін таңдағандар немесе орыс тіліне дайындалатындар үшін тағы бір жақсы әдіс: сөздерді қимылмен көрсетіңіз. Мысалы, «прыгать» немесе ағылшынша «jumр» деген сөзді айтқанда секіріңіз. Сізге диалог немесе сөз тіркесін жаттау керек болса, шағын қойылым қойыңыз. Нәтижені тез байқайсыз. ⠀⠀

3. Өзіңізді тыңдаңыз. Қанша оқысаңыз да есте қалмай жүрген ақпаратты дауыстап оқып, диктофонға жазыңыз. Ұйықтар алдында, баяу дыбыспен қосып қойыңыз. Өз дауысыңызбен ұйықтауды әдетке айналдырыңыз. Бұл өзіңіз білетін, бірақ, тез есте қалмайтын сөздерді жаттаудың жақсы әдісі саналады. ⠀

4. Бір орында отырмаңыз. Анықтама немесе формула жаттайсыз ба, отырмастан, бөлмені айналып жүріңіз. Себебі, жүру ми жұмысының белсенділігін арттырады. Сонда есте сақтау қабілетіңіз де жақсара түспек.

5. Жағдайды өзгертіңіз. Егер бір кеште екі пәнге дайындалатын болсаңыз, екі бөлек бөлмеде оқыңыз. Сонда екі ақпарат араласып кетпейді екен.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ