Гендік аурулар

0
2783
Иллюстрация: Freepik.com

Брахидактилия — аяқ және қол саусақтарының өсу аномалиясы, қысқаруы немесе ұзаруы.

 Полидактилия н/е гипердактилия — нормаға сай аяқ және қол саусақтарының санының анатомиялық ауытқуы, алтысаусақтылық.

Ахондроплазия (диафазарлы аплазия, Парро-Мари ауруы, туа біткен хондродистрофия) — шеміршекіштік сүйектену процесінің бұзылуына әкелетін тұқым қуалайтын ауру.

Альбинизм — организмнің өзіне тән түсінің жоғалуына әкеп соғатын рецессивті генге байланысты тұқым қуалайтын белгі.

Фенилкетунория — аминқышқылдардың метаболизмінің бұзылуымен сипатталатын тұқым қуалайтын ауру.

 Дальтонизм — көздің көру қабілетінің бұзылуы нәтижесінде түсті ажырата алмаушылық.

 Гемофилия — ұдайы қан ағып, тоқтатуы қиынға соғатын, көбінесе еркектерге тән тұқым қуалайтын ауру.

Гемералопатия — көздің жарық жеткіліксіз жағдайда, ымырт жабылып, қараңғы түскен кезде және түнде нашар көруі.

 Рахит/мешел ауруы — D дәруменінің жетіспеушілігі мен күннің ультра күлгін сәулелерінің жеткіліксіз мөлшерде болуы салдарынан пайда болатын cүйек ауруы

 Гипертрихоз — адамның жынысына, жасына қарай денесіне тән емес жерден қалың түк шығуы.

Басқа материалдар: 

  1. Биология пәнін таңдаған түлек қай саланы таңдай алады?
  2. Өсімдік жасушасының ерекшеліктері
  3. Генетикалық терминдер мен белгілер
  4. Мидың негізгі бөлімдері
  5. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет
  6. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…
  7. 5/25 ережесін тиімді қолданыңыз
  8. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  9. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  10. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба

ПІКІР ҚАЛДЫРУ