Гормондар және олардың функциялары

0
2629
Иллюстрация: Freepik.com

 Альдостерон — организмдегі минеральды зат (Na, К) және су алмасуын реттейтін бүйрекүсті безі қыртысты затының гормоны.

 Вазопрессин — аралық ми гипоталамусының алдыңғы бөлімі көруүсті ядросының (супраоптикалық ядро) ірі мультиполярлы холинергиялық нейроциттері бөлетін, адам мен жануарлардың нонапептидтік нейрогормоны.

 Глюкагон — ұйқы безі аралшықтарының альфа жасушалары (А клеткалары) бөлетін гормон.

Инсулин — эндокринді эпителиоциттерден құралған ұйқы безі аралшықтарының бета-жасушалары (В- инсулоциттері) бөліп, қанға шығаратын гормон.

Кортикостероид — бүкіл организмге әсерін тигізеді; қабынуға қарсы қасиеті бар; қандағы қант мөлшерін, артериальді қысымды, бұлшық ет тонусын ұстайды және реттейді;

Окситоцин — жатырдың етті қабығының (миометрийдің) жиырылуына және желіннен сүттің бөлінуіне әсер ететін гипоталамустың нейрогормоны.

 Паратгормон — денедегі кальций мен фосфаттардың алмасуын, тағамның ішектен қанға тез сіңірілуін, зәрмен бірге шығарылуын реттейтін гормон.

 Пролактин — мишықтың алдыңғы бөлігінде шығарылатын сүт бездерінің сүт шығару процесін басқаратын гормон.

 Эстроген — әйелдің жыныс органдарының дамуын қамтамасыз ететін гормон.

Тестостерон — еркек адамның негізгі жыныс гормоны.

Басқа материалдар: 

  1. Гендік аурулар
  2. Биология пәнін таңдаған түлек қай саланы таңдай алады?
  3. Өсімдік жасушасының ерекшеліктері
  4. Генетикалық терминдер мен белгілер
  5. Мидың негізгі бөлімдері
  6. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет
  7. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…
  8. 5/25 ережесін тиімді қолданыңыз
  9. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  10. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба

ПІКІР ҚАЛДЫРУ