Хақназар (Ақназар) хан және Қазақ хандығының “қайта өрлеуі” (сабақ жоспары)

0
2691

Сабақтың мақсаты:
— Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

— Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау;

Зерттеу сұрағы
Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының “Қайта өрлеуі” деп атайды?

Оқулық
Хақназар (Ақназар) хан және Қазақ хандығының “қайта өрлеуі”. 190–192 беттер.

Тірек сөздер
— Хақназар (Ақназар) хан
— Қожа Ахмет хан
— Мамаш хан
— Бұйдаш хан
— Ноғай Ордасы
— Шейх Мамай
— “Қайта өрлеу”

Ресурстар
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 2- том. Алматы.
Атамұра. 2010.
Омарбеков Т. Ұлы Даланың дара тұлғалары:Қазақ хандары. Алматы 2015.
Кәрібаев Б. Қазақ хандары. Алматы. 2015.
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы. Атамұра. 1999.
Букейхан А. Исторические судьбы Киргизского края и культурные его
успехи // избранное. Алматы.1995.

Ресурстар
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 2- том. Алматы.
Атамұра. 2010.
Омарбеков Т. Ұлы Даланың дара тұлғалары:Қазақ хандары. Алматы 2015.
Кәрібаев Б. Қазақ хандары. Алматы. 2015.
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы. Атамұра. 1999.
Букейхан А. Исторические судьбы Киргизского края и культурные его
успехи // избранное. Алматы.1995.

Сабақтың түрі мен әдісі
Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық  технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың деректік материалдары
Көрсетілген кітаптардағы және энциклопедиялық сөздіктер мен интернеттегі Қасым ханнан кейінгі қазақ хандарының және Хақназардың мемлекеттік қызметіне байланысты мәліметтерді пайдалана отырып, оқытушы оқушылардың нақты деректермен жұмыс жасауларын қадағалайды.

Оқушылар үш топқа бөлініп жұмыс жасайды. Алғашқы топ Қасымханның мемлекеттік
қызметін сипаттап, тезистер жасайды; екінші топ Қасым хан мен Хақназар хандардың аралығында ел билеген хандардың қызметтеріне тезистер түрінде сипаттамалар жасайды; үшінші топ Хақназар ханның қызметін тезистер арқылы қысқаша көрсетеді.

Мұның өзі аталмыш кезеңдегі қазақ тарихының күрделі кезеңдерінен оқушыларды нақты хабардар етеді, және Қасым хан мен Хақназар ханның ұйымдастырушылық-әскери қызметін басқа хандардан ерекшелендіріп, аса маңызды етеді.

Мақсатты айқындау
Әз Жәнібектің ұрпақтарының, Қасым ханнан кейін ел билеген Мамаш хан (Қасым ханның үлкен ұлы), Тахир хан (Әдік сұлтанның үлкен ұлы, Әз Жәнібектің немересі), Қожа Ахмет хан (Қасым ханның кіші ұлы), Бұйдаш хан (Тахир ханның інісі), Хақназар хан (Қасым ханның ұлы) тәрізді тұлғалардың ұйымдастырушылық қызметін ашу арқылы бүгінде мемлекет құрушы халыққа айналған қазақ халқының халық ретінде қалыптасу тарихы аса күрделі тарихи даму кезеңдерінен өткенін, сабақтастыққа негізделген қазақ халқының тарихының тамырлары тереңде жатқанын оқушыларға түсіндіру арқылы қазақ хандарына деген оқушылардың құрмет сезімін ояту.

Дамытушылық маңызы
Қазақтардың бүгінгі Ұлы Дала аймағының тәуелсіз ұлттық мемлекетін құрудағы Әз Жәнібектің өзінің және оның ұрпақтарының, Қасым ханнан кейін ел билеген Мамаш хан (Қасым ханның үлкен ұлы), Тахир хан (Әдік сұлтанның үлкен ұлы, Әз Жәнібектің немересі).

Қожа Ахмет хан (Қасым ханның кіші ұлы), Бұйдаш хан (Тахир ханның інісі), Хақназар хан (Қасым ханның ұлы) тәрізді тұлғалардың, яғни одан кейінгі қазақ хандарының еңбегін бағалай отырып, бүгінгі Қазақстанның ең алдымен Қазақ хандығының этно-саяси мұрагері болып табылатындығына, яғни қазақ мемлекеттілігінің бірнеше ғасырлық күрделі тарихы бар екендігіне оқушылардың көздерін жеткізу.

Тәрбиелік маңызы
Алғаш қазақ хандарының дәстүрлі ата жолын жалғастырған Қасым ханнан кейін ел билеген Мамаш хан (Қасым ханның үлкен ұлы), Тахир хан (Әдік сұлтанның үлкен ұлы, Әз Жәнібектің немересі), Қожа Ахмет хан (Қасым ханның кіші ұлы), Бұйдаш хан (Тахир ханның інісі) тәрізді тұлғалардың мемлекеттік мүддеге адал, жанқиярлық еңбегін оқушыларға үлгі ретінде ұсыну керек.

Бұл оқушыларды мемлекетшіл етіп тәрбиелейді. Ұлы Дала аймағының олар билеген тұстағы өткені және олардың жатжерлік басқыншылардан туған жерді үздіксіз қорғаудағы ерлік істері оқушылардың есінде сақталуы керек.

Қазіргі Қазақстан қол жеткізген тәуелсіздіктің қымбатқа түскенін қазақ хандарының азапты да ауыр қызметі арқылы түсінген оқушы мемлекеттік мүддеге адал болуға ұмтылады. Осындайда мұғалім мынаны ұмытпауы тиіс: әсіресе, Хақназар ханның өзінің аталары Керей мен Жәнібек құрған және әкесі Қасым хан іргесін нығайтқан мемлекетті қалпына келтіруді көздеген азаматтық ұстанымы мен осы бағыттағы тиянақтылығы оқушыларға үлгі ретінде ұсынылуы тиіс.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқытушы сабақ өткізу барысында оқушылар назарын төмендегідей
мәселелерге аударады:

1. Қазақ хандығын Қасым ханнан кейін билеген Мамаш хан (Қасым ханның үлкен ұлы), Тахир хан (Әдік сұлтанның үлкен ұлы, Әз Жәнібектің немересі), Қожа Ахмет хан (Қасым ханның кіші ұлы), Бұйдаш хан (Тахир ханның інісі) Қазақ хандығын әлсіретіп алды.

2.Келесі қазақ ханы Хақназар (Қасым ханның кіші ұлы) қазаққа да ноғайға да жақын тұлғаға айналды. Ноғайлар оны Хақназар сұлтан десе, қазақтар Хақназар хан дейтін.

3. Хақназардың билігі тұында Қазақ хандығы шығыста Ертіс бойынан батыстағы Ембіге дейін, ал оңтүстікте Сыр бойынан солтүстіктегі башқұрттар аймағына дейін созылып жатты. Бұл шын мәнінде Қасым хан тұсындағы бір орталыққа бағынған қазақтардың мықты мемлекетін қалпына келтіру еді.

Сондықтан да Хақназардың Қазақ хандығын билеген кезеңі тарихта “қайта өрлеу” деген атпен белгілі.

4. Хақназар ханның бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын қалыптастыру саясатының маңызы зор. Мемлекет құрушы қазақ халқы енді Ұлы Дала аймағын дара билейтін, бірден-бір үстем елге айналды. Ал бұл болашақ Қазақ елінің мемлекеттігін орнықтырудағы маңызды қадам болды.

Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалімнің төмендегідей жоспарды тақтаға жазып қоюы оқушылардың тапсырмаларды орындауын жеңілдетеді:

Ноғай Ордасының және оған көрші Қазақ хандығының Хақназар тұсындағы  қарым-қатынастарындағы ерекшеліктерді білеміз;

Хақназардың Қазақ хандығын билеушіге қалай айналғанын анықтаймыз;

Хақназардың Қазақ хандығын билеген кезеңінің тарихта “қайта өрлеу” деген атпен белгілі болғанын білеміз.

Кері байланыс
Сабақ қызықты болды ма?
Нені түсінбей қалдың?
Менің сабаққа байланысты пікірім.

0 – мүлдем қатысқан жоқ. 1 – орташа қатысты. 2- жақсы қатысты. 3- өте
жақсы қатысты.

Қосымша тапсырма
1.Ноғай Ордасының және оған көрші Қазақ хандығының Хақназар
тұсындағы орналасқан аймағын картаға түсіріп, олардың қарым-қатынастарын
сипатта.
2.Хақназардың ататегін шежірелік деректер негізінде анықта.
3.Оның қазақ хандығы тағына келген жолын тарихи оқиғалармен тығыз
байланыста сипатта.
4.Хақназар әке жолын жалғастырды дегенді қалай түсіндіресің.
5.Хақназардың Қазақ хандығын билеген кезеңі тарихта неліктен “қайта
өрлеу” деген атпен белгілі болды?

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы: Керей мен Жәнібек хандар (сабақ жоспары)
  2. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  3. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  4. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  5. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  6. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  7. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  8. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  9. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  10. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  11. Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері (сабақ жоспары)
  12. XIV-XV ғасырлардағы әлеуметік-экономикалық қатынастар және мемлекеттердің мемлекеттік әкімшілік құрылысы (сабақ жоспары)
  13. XIII — XV ғасырлардағы өнер мен әдебиет (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ