Көкжөтелдің белгісі мен емі

0
8798
Иллюстрация: Freepik.com

Көкжөтел— бордетелла деп аталатын бактериялардың тыныс алу жолдарына енуінен дамитын, тез таралатын жұқпалы ауру. Көбінесе 7 жасқа дейінгі балалар көп ауырады.

Негізгі белгілері:

— тәбеттің нашарлауы, әлсіздік
— тері құрғайды
— булығып жөтелу
— лоқсу
— мұрын-ауыз айналасы көгереді
— тырысу
— тыныс алуының бұзылуы
— қалшылдау. Сонымен қатар егер бала кішкентай болса, қатты жөтелгеннен кіндік грыжасы немесе шап грыжасы шығып кетуі мүмкін.

БАЛАЛАРДА:

— бронх қабынуы
— көмейдің қабынуы
— пневмоторакс (өкпе қабырғаларының зақымдануы)
— құлақтың қабынуы жиі кездеседі.

ЕМІ:

— Көкжөтелмен ауырғанда науқасқа бұрыннан көк кептердің қанын ішкізеді. Кептерді сойып жіберіп, қанды жып-жылы күйінде бірден ішкізеді. Өйткені азғана уақытта қан қоюланып кетсе, емге жарамсыз.

— Халық арасында дерті жазылмаған сәбидің ата-анасы көлденең көк атты кісінің жолын тосып, одан кеңес сұрайды. Қазірде көк атты болмаса да, көк көйлек киген көшедегі адамнан сұрайды. Ол кісі қандай ем айтса, сол емді жасайды. Бұл бұрыннан кәделі ырым.

— Бабаларымыз бұрыннан көкжөтелмен ауырған науқасқа қасқалдақтың қанын ішкізіп немесе етін жегізіп емдеген. Қасиетті құстың емінен соң, науқас бірден жақсарған.

— Киікоты шөбі көкжөтелдің бұрыннан емі. Ол 8 гр ұнтақталған киік оты шөбін 1 стақан қайнаған суға салып 20 минут тұндырасыз. Содан соң 1 шай қасықпен күніне 3 рет ішкізесіз.

— Көкжөтелмен ауырған балаға есектің сүтін сауып, жылыдай ішкізіп отырса, 7 күнде сауығып кетеді.

— Орташа көлемді 6 шалғам (редька) алыңыз. Оны жұқалап тураңыз. Әр бөлікке аздап қант сеуіп қойыңыз. Осылай 12 сағат тұруы керек. Сол қант қосылған шырынды 1 ас қасықпен күніне 3 мезгіл беру керек. Әр күні жаңасын жасайсыз.

— Сарымсақтың 3 бөлігін алып, оны өте ұсақтап турайсыз. 1 стақан сүтке қосып қайнатасыз. Дайын қоспаны күніне 3 мезгіл ішкізу керек. Емделу мерзімі: 10 күн.

— 2 ас қасық кептірілген інжір (инжир) жемісін 1 стақан сүтке салып қайнатасыз. Дайын қоспаны жылы күйінде жарты стақаннан 2 мезгіл ішу керек. Әр күні жаңасын жасап, 10 күн емдейсіз.

— 1 қасық қарағай бүршігін 1 стақан суға салып қайнатасыз. Қайнаған соң 30 минут тұндырасыз. Дәріні 1 ас қасықтан, күніне 3 мезгіл қабылдаған жөн.

Басқа материалдар:

  1. Адам омыртқасы туралы қызықты деректер
  2. Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
  3. Жылы және суық судың пайдасы мен зияны қандай?
  4. Фастфудтың 10 зияны
  5. Майонезді неге жеуге болмайды?
  6. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  7. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  8.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  9. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  10. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  11. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  12. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ