Күлдіре білу — өнер, күле білу — өмір, күлкі болу — өлім (Тәрбие сағаты)

0
1485
Иллюстрация: Freepik.com

Тақырыбы: Күлдіре білу — өнер, күле білу — өмір, күлкі болу — өлім

Мақсаты: білімділік. Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру, Күлкі және жымиюдың адам өміріндегі қажеттілік екенін түсіндіру;

Дамытушылық. Балаларға жылы жымиып, шынайы күліп жүру керектігіне көздерін жеткізе отырып, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік. Өзара қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, бір – бірімізбен көздеріміз арқылы амандасайықшы. Қазір әркімде әртүрлі көңіл – күй. Олай болса барлығымыз қызықты, жақсы сәтті есімізге алайық. Осы жерде «сиқирлы қолшатыр» көмекке келеді. (әшекейленген қолшатырды қолдану)
— Балалар! Енді бәрің менің қолымдағы әдемі күнге қараңдаршы, ол бізге әдемі күлкісін сыйлап тұр. Қане, біз де бір – бірімізге күн сияқты әдемі күлкімізді сыйлайықшы.

Балаларға Ө. Тұрманжановтың өлең жолдарын хормен қайталауды ұсынамын.
Кел, балалар, күлейік!
Қабақ түйген не керек,
Кел балалар, күлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күлкіменен түлейік!
Көңілді боп жүрейік!
Күлкіменен түлейік!
Күліп өмір сүрейік!
— Жарайсыңдар, балалар! Күн біздің бойымызды жылытты. Біздің жылы күлкіміз әрқайсымызды қуанышқа бөледі.

Жаңа сабақ. «Ира қайдан келді» әңгімесін мұқият тыңдайық.
Біз жазғы сауықтыру лагеріне барған едік. Түстен кейін тәрбиеші топтағы балалармен таныса бастады, кім қайдан келгенін сұрады. Әркім өзінің тұрғылықты мекенін айта бастады, осы сәтте бөлмеге Ира кірді.
— Сенің аты – жөнің кім? – деп сұрады тәрбиеші
— Семенихина
— Сен қайдан келдің?
— Мен асханадан! – деді Ира.
Балалар күлді. Барлығы күлді.

 Осы әңгімеден қандай сезімде және әсерде болдың?
 Сендер неге күлдіңдер?
 Ендеше, біз бүгін сабақта күлкі, жымию жайында сөйлеспекпіз. Және дұрыс күлу әрі орынды күлу керектігін айтамыз.
 Біздің тақырыбымыз Күлкі әлеміне саяхат деп аталады.
 Балалар, біз қай кезде күлеміз?
 Сендерге күліп жүрген ұнайды ма?
 Бәріміз естіп жүрміз күлген пайдалы, өміріңді ұзартады дейді.

Атақты сатирик Сейіт Кенжеахметұлы ағамыздың: «Күлдіре білу — өнер, күле білу — өмір, күлкі болу — өлім» деген сөздерінің жаны бар.
Күлкі стреске қарсы ең басты құрал екені белгілі. Күлкі – адам өміріндегі ең қызықты сәт десе де болады. Жүзіңнен күлкі кетпесін дейміз ғой, күліп жүрген, жайдарлы адаммен сөйлесу әлдеқайда ыңғайлы емес па?
Күлкі жұқпалы дейді. Бір адамның «хи – хи» деген күлкісінен өзің еріксіз күлуің мүмкін. Күлкі дегеніміз ең пайдалы – витамин.

Бір күні әкесі Ғалымнан сұрапты:

— Дүкеннен нан алып келші
— Мен ерініп тұрмын —, деп жауап қайтарады Ғалым.
— Сен ендеше еріншек екенсің ғой – деді де әкесі – Ол жаман әдет
— Еріншек болған жаман ба? – деп Ғалым қарсылық білдірді – диванда рақаттанып жатасың, конфет сорып, қызықты кітап оқып. Тіптен жаман әдет емес.
— Жаман емес, — деп әкесі келісе кетті. – бірақ мынаны ойланып көрші, конфет дайындайтын фабрикада жұмыскерлер: «Біздің конфет дайындағымыз келмейді – біз ерініп тұрмыз» десе ше… Сен конфетсіз қаласың ғой
— Мен конфетсіз де кітап оқи беремін. Тіпті тісіме де пайдалы
— Жақсы – деді әкесі баласына. – Ал онда жарық беретін ағайлар жарықты біз тоқтатамыз, біз ерініп тұрмыз десе ше, сен қараңғыда кітабыңды қалай оқымақсың?
— Маған бәрібір. Мен күндіз ғана оқимын. Көзіме де пайдалы
— Жақсы – деді әкесі. Бірақ сен ақын, жазушыларды ұмытып кеттің ғой, оларда ерінсе не істейсің?
— Бола берсін мен жай ғана рақаттанып жатамын. Тіпті менің көздеріме пайдалы емес пе?
— Солай дейік, — деді әкесі. Сен жиһаз жасайтын адамдар ерініп кетті дейік, сен қайда жатасың?
— Бола берсін — деді Ғалым. – Мен онда еденге жата саламын. Еденге жату адам ағзасына өте пайдалы дейтін көрінеді.
— Жақсы – деді әкесі. – ал құрылысшылар …. дей бергенде
— Түіндім. – деп әкесінің сөзін бөлді Ғалым. – Мен далаға шығып демаламын. Таза ауа жұтып серуендеймін.
— Тіпті жақсы! Сен сол серуендеп жүргеніңде дүкеннен нан ала сал.!
(Әңгімені талдап өту.)
Тақтаға назар аударайық.
— Бір – бірімізбен кездескенде қандай сөз айтамыз?
— Қандай сөзбен көмек сұраймыз?
— Көп жақсылық жасайтын адамды кім деп айтады?

Үш сөз ашылады.
– Қандай эмоция сезімдерін білесіңдер?
– Эмоция дегеніміз не? (аз уақыттағы жан сезімі)
– Сезім? (Көп уақытқа созылатын жан сезімі)
Эмоция мен сөзімді қалай білдіреміз? (мимика, жест, дауыс ырғағы)
Мимика мен жест арқылы берілген жағдаяттарды келтіру.
1. Аязды күні аялдамада адамның автобус күтуі
2. Тіс дәрігерінің кабинетіндегі адам
3. Футбол ойынын көріп отырған адам
4. Өзіне қойылмаған сұраққа жауап бергісі келетін шыдамсыз оқушы
5. Күнделігін үйінде ұмытып кеткен мұғалімнің сұрауы бойынша күнделігін бере алмай тұрған оқушы
6. Мамасының сүйікті ыдысын сындырып алған бала
7. Сайқымазақ болу

«Сайқымазақты бояу» ойыны
Тақтада сайқымазақ ілулі тұрады осыны оқушылар бір – бірден бояп өту.
– Сайқымазақты қайдан кездестіреміз?
– Олардың мақсаты қандай?

Сайқымазақ тапсырмасы: «Шатасу» ойыны
Мен сендерге бірнеше сұрақтар қоямын, содан жауаптарын парақтарға жазып, оларды араластырамыз: (сұрақтарды ауыстырып оқимын)
1. Мектеп сөмкелеріңе нені саласыңдар?
2. Сендерге қандай кейіпкер ұнайды? (кино, мультфильм)
3. Қоқыс жәшігіне не саламыз?
4. Қолды немен жуамыз?
5. Ән айтады кім?

«Мен де жақсы бала боламын» ойыны
балаларды жағымды істерге жұмылдыру мақсатында «Мен де жақсы бала боламын» ойынын ойнауды ұсынамын.
Мысалы:
Мен жақсы баламын, өйткені атама орнынан тұруға көмектесемін.
Мен жақсы баламын, өйткені ініммен ойыншықтармен бөлісемін.
Мен жақсы баламын, өйткені үйдегі гүлге су құямын.
Мен жақсы баламын, өйткені ата – анамның айтқанын тыңдаймын.
Мен жақсы баламын, өйткені өз ойыншықтарымды шашпаймын.

— Балалар сендер бүгінгі сабақта қандай сезімде отырсыңдар?
— Күлкі — өмірдің кілті. Гелатология (күлкіні зерттейтін ғылым) күлкі адам өміріне айтарлықтай ықпал етеді дейді. Ал Дарвин күлкі жүйке жүйесін емдей алады деген пікір айтқан. Күлкісіне қарап, адамның мінезін, ішкі жан – дүниесін шамалауға болады екен…

Күлкі туралы қызықты дерек
Бүгінде адамдар жүз жыл бұрынғыға қарағанда, аз күледі.
Бөбек үлкен адамға қарағанда, 20 есе көп күледі.
Әйелдер ерлерге қарағанда көп күледі.
Күліп, көңілді жүретін адамдар жүрек ауруына аз шалдығады. Америкадағы Калифорния клиникаларының бірінде дәрігерлер мен ғалымдар науқастарға «Күлкімен адамды емдеуге бола ма?» деген сұрақ төңірегінде зерттеу жүргізді. Науқастарға таңертең дәрілермен қоса, анекдоттары бар жаңа газеттер әкеліп берді. Зерттеу нәтижесінде, науқастардың жағдайы анағұрлым жақсарған. Демек, күлкі денсаулықтың жақсаруына әсер ете алады.

Дәйексөз
Балаларға «Сүйіспеншілік — жүректен» — деген халық даналығының мағынасын ашып түсіндіремін. — Әрқайсымыздың сүйіспеншілікке толы жұмсақ жүрегіміз бар. Бірақ ол үлкен емес. Әр адамның жүрегінің үлкендігі қолын жұмғандағы жұдырықтай. Қане, жүрегіміз қандай екен, көрейікші. Балалар алақандарын жұмып, жұдырықтарына назар аударады.
— Ал, енді, алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілін тыңдап көрейікші. Балалар өз жүрек лүпілдерін тыңдайды.
— Қандай ғажап!
— Балалар, біз қуансақ, біздің жүрегіміз де күлімдеп тұрады екен, ал ренжісек, жүрегіміз де жабырқап қалады.
— Біз қандай жағдайда қуанып, ренжиміз? Балалардың жауаптары.
Бізді біреу ренжітсе, өздерің біреуді ренжітсеңдер жүректерің де ренжиді екен. Ал біреу бізге жақсылық жасаса, біреуге біз жақсылық жасасақ, онда біздің жүрегіміз де қуанышқа бөленеді. Сондықтан да біз әрдайым біреуге жақсылық жасап, қуанышқа бөлеп, жақсы көрсек жүрегіміз сүйіспеншілікке бөленіп, қуанады. Сүйіспеншілік біздің жүрегімізден тарайды екен. Сондықтан «Сүйіспеншілік – жүректен» деген халық даналығы осыдан шығыпты.

Жүректен жүрекке
Балалар шеңберге жиналады. Жұмсақ ойыншық жүректі бір – біріне сыйлай отырып, жақсы тілектер білдіреді.
• Мен саған қуаныш тілеймін. Мен саған сүйіспеншілік тілеймін.
• Мен саған жақсылық тілеймін.
«Керемет, біздің әрқайсымыздың жүрегіміз осы жұмсақ ойыншықтай күлімдеп, қуанышқа бөленді. Әрқашан осындай жылы сөздермен бір – бірімізді қуанта берейік!»

Бала туралы хикаяны баяндап, — ал енді мына шарларды үрлеп, ашу мен реніштерге толтырып, … шығарамыз. Міндетті түрде жымиямыз. Көңіл – күйіміз қандай?

Сабақты қорытындылау.
Күлкінің төресі — кез келген күйзелісті, жүйкедегі жүкті жеңіп шығатыншынайы күлкі. «Күл! Күлсең, әлем сенімен бірге күлетін болады. Ал жыласаң, сенімен бірге ешкім де жыламайды» депті Элла Уилер Уилкокс. Үнемі жылы жымиып, көңілді жүруге тырысайық…

Басқа материалдар:

  1. 1 сәуір — күлкі күні
  2. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  3. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  4. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  5. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  6. SMM маманы деген кім?
  7. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  8. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  9. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  10. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  11. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ