Кітап туралы мақал-мәтел және жұмбақ

0
21501
Иллюстрация: Freepik.com

Мақал-мәтел:

Кітап — көзі жұмыққа арзан,
Көзі ашыққа маржан.

Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.

Кітап — алтын қазына.

Кітап — ғылым – тілсіз мұғалім.

Жақсы кітап — жан азығы.

Кітапты сүйіп оқы,
Көңілге түйіп оқы.

Кітап – алтын қазына.

Кітап — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы!

Кітап оқығандікі,
Білім тоқығандікі.

Кітап — алтын қазына.

Кітап — алтын сандық,
Іші толған қазына, құт.
Оқы, оқы, ойыңа тұт.

Қарияның сөзі киіз кітаптағыдай.

Кітап ғалым — тілсіз мұғалім.

Күш — білімде, білім — кітапта.

Жұмбақтар:

Қабат — қабат қаптама, ақылың болса таптама.

Ұзын — ұзын ұсқауын,
Ұзынына кім жетер?
Шұбар ала күйкентай,
Шұбарына кім жетер?
Кітап

Бір қобди дүние жүзін бағалаған,
Әсемдеп, талай адам қамалаған.
Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,
Ашылса табылар еді не қалаған.
Білім, кітап

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде баурын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайданалар тамам халық.
Кітап, оқу

Ұзын — ұзын, ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың
Қанып ішкен бар ма екен?
Оқу

Қабат — қабат қаптама.
Ақылың болса аттама.
Кітап

Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді.
Кітап

Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді,
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.
Кітап

Бір су бар Шыршық деген қалқып аққан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қарайсың міне соған тамашалап,
Сол судың кете алмайды дәмін татқан.
Кітап

Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін.
Кітап

Дүниеде бір дария беті қайтқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.
Оқу, білім

Сай бойында сары алтын.
Білім

Ауыр — ақ, бірақ түсер салмағы жоқ,
Артқанның арып кейін қалғаны жоқ.
Арқалап бірін қоймай көтергеннің
Аяғы ешуақытта талғаны жоқ.
Білім

Теңіздей түбі терең,
Сүңгіген жетер әрең.
Білім

Басқа материал:

  1. Қасқыр, бөрі туралы мақал-мәтел
  2. Батырлық пен қорқақтық туралы мақал-мәтелдер
  3. Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (Бастауыш сынып арасындағы сайыс)
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Web-дизайнер деген кім?
  8. Таргетологтың қызметі қандай?
  9. Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер
  10. Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер
  11. Киім туралы мақал-мәтелдер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ