Кітапханалық-библиографиялық өлкетану: пайда болу тарихы және дамуы

0
1498
Иллюстрация: Freepik.com

Негізгі сұрақтар: «Кітапханалық-библиографиялық өлкетану» терминінің пайда болу тарихнамасы. Кітапхана қорын өлкетану мазмұнымен толықтыру. Өлкетану кітапханатану мәселелерін әзірлеу, кітапханаларға практикалық нұсқаулықтар жасау. Библиографтар мен кітапханашылардың кітапханалықбиблиографиялық өлкетануды жетілдіру жұмыстарына қатысуы.

Отанға деген сүйіспеншілік, туған ауылдың, ауданның, қаланың тағдырына қатыстылық сезімі өздігінен туындамайды, оны тәрбиелейді. Өлке, оның тарихы туралы білімді кеңейту, өткенге қызығушылықты дамыту. Өз ауданына, қаласы мен ауылына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, халықтың ғасырлар бойы жасаған мәдени мұрасының құндылығын түйсіну, ата-бабамыздың жадын сыйлаудан, талантты отандастырымызды мақтан тұтудан басталады.

Өлкетану — жергілікті халықтың туған өлкесі болып саналатын елдің белгілі бөлігін, қала, ауыл т.б. қоныстарды жан-жақты зерттеу. Табиғи және қоғамдық зерттеулердің жиынтығы. Туған өлкенің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихы мен мәдениетін зерттейді.

Жиынтықты өлке тану осылардың бәрін бір-бірімен байланыста қарастыратын болса, салалық өлке тану, географиялық өлке тану, тарихи өлкетану, этнографиялық өлке тану, топонимикалық өлке тану сияқты жеке салаларын зерттейді.

Революцияға дейің өлкетану библиографиясымен жеке әуеской адамдар ғана
айналысқан еді. Патша өкіметі шығыс аймақтарды зерттеуге арнайы жіберген экспедицияларыныц негізгі максаты отарлау саясаты ға еді. Өлке туралы кітап шығаруға арнай берілген қаржы мүлдем болмады, кітап бастыру ісі дамымады. Кеңес өкіметі жылдарында өлкетану жұмысының жандана түсуіне Н.К. Крупскаяның қосқан еңбегі көп болды.

Ол Орталык, Комитеттің тапсыруы бойынша елімізде кітапхана ici мен библиографиялық, жұмыстарды жолға қоюға тынымсыз ат салысып, «Өлкетану және кітапхана» (1926), «Ұлттық мәдениет туралы мәселе жайлы» (1930) және т. б. осы тақырыпқа тікелей қатысы бар мақалалар жазды.

Одақтағы ipi-ipi кітапханалардың іс-тәжірибесіне сүйене отырып, Н. К. Крупская
көптеген библиографиялык методикалық, құралдар ұсынды, тыңғылықты кеңестер
кеңестер 6epin отырды. Ғылыми және көпшілік кітапханалардың байланысын нығайтты. Кешірек өлкетану библиографиясын ғылыми негізде жолға қою проблемаларымен СССР Ғылым академиясы, онын, жергілікті филиалдары, ғылыми-зерттеу институттары жүйелі түрде айналыса бастады.

Сонымен қатар өлкенің тарихы мен табиғатын, экономикасы мен мәдениетін зерттеу ісіне одақтас республикалардың Ғылым академиялары, олардың ғылыми-зерттеу
институттары, жергілікті университеттер, жоғары оқу орындары, өлкетану мұражайлары мен мұрағат қыметкерлері араласты.

Қазақстанда өлкетану библиографиясының дамуы 1920 жылдан басталады. Алматыда өткен бірінші өлкелік съезге қажетті, толғағы жеткен ғылыми мәселе ретінде ұлттық өлкетану библиографиясын дамыту туралы лайықты қарарлар қабылданды.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Бақса материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ