Кітапханалық-библиографиялық өлкетанудың өзекті мәселелері

0
1930
Иллюстрация: Freepik.com

Негізгі сұрақтар: Өлкетанудағы «өлке» «өлкетану әдебиеті», «Кітапханалық өлкетану» ұғымдарының анықтамасы. Кітапханалық өлкетанудың мазмұны. Оның ішкі құрылымы мен сыртқы байланыстары. Кітапханалық өлкетанудың негізгі функциялары.

Өлкетану библиографиясы – ол белгілі бір тарихи немесе өмірбаяндық және
библиографиялық деректерді анықтау үшін құжаттарды, кітап және баспасөз деректерін жүйелі түрде іздестіру. Осы кітаптарға ғылыми сипаттама жазу, библиографиялық көрсеткіштер құрастыру. Өлкетануды насихаттауда сапалы жинақталған өлкетану әдебиеттерінің қоры негіз бола алады.

Мысалы, С. Мұқанов атындағы Петропавл облыстық кітапханасында өлкетану әдебиетінің қоры сирек кездесетін басылымдарды қосқанда 34 мың дана кітап.

Өлкетану картотекасында 29 каталог жәшігі (26 мың жазба). Кітапханада облыстық мемлекеттік архив қорының каталогы бар. Әрбір кітапханаға, оқымандарға өлкетану жайлы ақпараттарды жеткізудің ең бір тиімді жолы библиографиялық көрсеткіштер, естеліктер, ақпарат-библиографиялық материалдар, дайджестер, күнтізбелер құрастырып шығару.

Кітапхана қызметкерлері өлке тарихынан мәлімет беретін деректерді жүйелі түрде анықтап, жинақтап, ол жайында ретроспективті, ағымдағы және ұсыныс көрсеткіштерін, атаулы күндерге арналған күнтізбелер  құрастырады. Өлкетану тақырыбы бойынша мыңдаған оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандырады.

Сонымен өлкетану библиографиясы дегеніміз, ол-белгілі бір өлкеге арналған әдебиеттерді оқырманға жеткізуді мақсат тұтатын және өлке туралы жазылған, суреттелген барлық баспа шығармаларын насихаттайтын библиографияның бір саласы.

Республикадағы кітапханалардың баға жетпес бай қоры көптеген ғылыми еңбектердің бастау бұлағына айналып, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани кемелдікке жетуіне салмақты үлес қосуда.

Халқымыздың ғасырлар бойы жинап, саралап, сақтап келген рухани мирасын қайта пайымдап, өскелең қауымымыздың өскелең құндылығына, мәңгілік қазынасы — рухани нәр көзіне айналдырып, жаңа қоғамдық сананы, мәдени ортаны қалыптастыруда өзіндік қолтаңбасымен танылып келе жатқан кітапханалардың бүгінгі тыныс-тіршілігінде толымды ой туғызатын игілікті шаралар, толғақты ойлар бар.

2003 жылғы 27-29 мамырда Павлодар қаласында республикалық конференция өтті. С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері республикалық сайысты жеңе отырып, еліміздің «кітапханалық астана» құрметті атағын жеңіп алды. Олар республикада алғашқылардың бірі болып, барлық жұмыс процестерін автоматтандырды.

Кітапханаға келушілер электронды каталогты пайдаланады. Көпшілік қолданысындағы
компьютерлер Интернетке қосылған. Өздерінің сайты бар. Лазерлік таспаларда жүздеген оқулықтар, сөздіктер, энциклопедиялар және басқа әдебиеттер сақталған [5]. Конференция Қазақстандағы ауыл тұрғындарына кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жақсарту және ұйымдастыру үшін ғылыми-теориялық және практикалық база құруға мүмкіндік береді.

Балалар оқуының бағдарламасы, нұсқаулар мен ұсыныстар берілді. Халқымыздың алтын қазығы, терең тамыры ауылда десек, сол ауылдың бүгінгі рухани ахуалы
жергілікті жерлердегі мәдениет ошақтарының жұмысымен тікелей байланысты.

Қысқартылған кітапханалар жаңғыртылып, кітап қорларын толықтыруға Үкімет тарапынан, жергілікті басқару органдары тарапынан қаржы бөлініп, оң нышандар белең алып келе жатқан кезде өткізіліп жатқан көптеген шаралардың танымдық, тәжірибелік маңызы зор.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Бақса материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ