Мағжан Жұмабаев «Сағындым» өлеңі

0
2369
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  — Мағжан өмірі  жайлы қосымша мағлұматтар бере отырып, өлең тақырыбы мен мазмұнын меңгеру, ақын мінезін ашу.

Тәрбиелік— Ақын өмірін үлгі ету, оқушы бойына туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Дамытушылық— Оқушы ойын шыңдап, тіл байлығын жетілдіру, еркін сөйлеп өз ойын анық жеткізе білуге төсілдіру.

Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау, сын тұрғысынан ойлау, сұрақ – жауап.

Сабақ түрі: жаңа материалды  игерту.

Сабақ көрнектілігі: ақын портреті.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ. Үй жұмысы.  («Қысқы жолда» өлеңі)

ІІІ. Жаңа сабақ. («Сағындым»өлеңі)

ІҮ. Үйге тапсырма.

Үй тапсырмасын тексеру. Өткен материалдардан  сұрақтар.

  1. М. Жұмабаев өмірін топтастыру.
  2. Қысқаша ақын өмірінен түсінік айту.
  3. «Қысқы жолда» өлеңін жатқа айту.
  4. Өлеңнен теңеу, кейіптеу табу, ережесін айту.
  5. Өлеңде қай мезгіл суреттелген.(Қыс, жаз мезгілдерін салыстыру.)

Өлең құрылысына талдадық өткен сабақта, түсінік беріп өту.  (Неше шумақ, неше тармақ, неше буыннан, қандай ұйқас, неше бунақ).

М.Жұмабаевты топтастыру.

Теңеу – затты немесе құбылысты екінші зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.

Кейіптеу – әр түрлі жан-жануар немесе табиғат құбылыстарын жансыз нәрселерді жандының іс-әрекетіне, қимылына суреттейтін көркемдік тәсіл.

Қыс және жаз мезгілдерін салыстыру

Ақынның «Сағындым» өлеңін оқымас бұрын алдымен өзіміз «Сағыныш» сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?

«Ой қозғау» стратегиясы. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Жоспар:

І. Түрме көрінісі

ІІ. Сағыныш сезім

ІІІ. Алаш өлмес, көркейер.

  • Мағжан қайда?
  • Абақты сөзінің синонимін кім айтады?
  • Абақтыға кімдер қамалады?
  • Ал Мағжан неліктен түрмеге қамалған?
  • Ақын кімді сағынады? Нені сағынады? Неге сағынады?

Мағжан қандай?

  1. Білімді
  2. Батыл
  3. Намысшыл
  4. Қайсар
  5. Өр рухты
  6. Ұлтжанды

Өлең құрлысына талдау.

Қорытындылау.

Бүгінгі сабағымызда Мағжанның «Сағындым» өлеңін талдадық. Енді сабақты бір жүйеге келтіріп ой түйгенде ақынның мына өлеңін айтқанды жөн көрдім.

Жырымменен жанын жұбатам,

Жырымменен жұртымды оятам.

Несіне жас төгейін…

Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім!

    Міне, Мағжан – осындай өлеңді өмірім деп түсінетін ақын екен.Оның қиялы бай, қабілеті мол, ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасы бар ақын. Мағжан аталарыңның осы өлеңі арқылы сендердің де Отан сүйгіш, елжанды, адал азамат болатындарыңа сенемін!

 Бағалау.

Үй тапсырмасы: «Сағындым » өлеңі жаттау.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ