Маникюр студиясын ашудағы алғашқы қадам

0
1071
Иллюстрация: Freepik.com

Маникюр бизнесін ашуға ниет білдірушілердің саны жыл сайын өсуде. Бәсекеге төтеп бере алатын және адамдар көптеп келетін маникюр салонын ашу біраз ізденісті талап етеді.

Сұлулық салондарының қызметтерінің ішінде маникюр қызметтері үшін сұраныс 40%-ға жуық. Соңғы жылдары сұлулық индустриясы нарығында өз қызметін маникюр қызметтерін ұсынуға бағыттайтын көптеген тар мамандандырылған салондардың пайда
болуы белең алып келеді.

Қала бойынша мұндай салондар көбейіп келеді, сәйкесінше бәсекелестік те артып келеді.

Бизнестің тиімді тұстары:

• бизнестің маусымдық болмауы, жыл бойы сұраныс;

• үлкен салымдарды қажет етпейді;

• бизнес пен қаржы саласында елеулі білімді талап етпейді, сондықтан ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін стартаптың қолайлы нұсқасы болып табылады;

Бизнестің тиімсіз тұстары: 

• бәсекелестіктің жоғары деңгейі. Нарықтағы жоғары сыйымдылыққа қарамастан, бәсекелестік өте жоғары. Клиенттерді тарту үшін тырнақ сервисі саласында үнемі жаңа технологияларды енгізу, маркетингтік құралдарды пайдалану  және клиенттік базаны қалыптастыру қажет;

• сервис деңгейін тұрақты бақылау. Клиентті ұстап тұру үшін үнемі жоғары қызмет көрсету деңгейін ұстап тұру қажет. Маникюр салондары үшін клиенттің бір жолғы келуі маңызды емес, клиентпен ұзақ мерзімді қарым-қатынас жасауға тырысу керек;

• кәсіпқойлыққа жоғары талаптар. Жыл сайын маникюр шеберіне қойылатын осы талаптар күшейтіледі: кәсіби стандарттар өзгереді, жаңа технологиялар енгізілуде, жаңа үрдістер пайда болуда. Көбінесе шебердің кәсібилігі клиенттің адалдығы мен тұрақты келуін қамтамасыз етеді;

• шығыс материалымен байланысты қиындықтар. Маникюр салондарының танымалдығының өсуімен маникюр керек-жарақтары нарығы да дамиды.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  12. Бизнес-профиль деген не?
  13. Таргетингтік жарнама. Тауарды сату
  14. Пиццерия ашудағы алғашқы қадамдар
  15. Харланд Дэвид Сандерс өмірінен дерек


ПІКІР ҚАЛДЫРУ