Өміріңді өзгертетін 10 сұрақ

0
1983
Иллюстрация: Freepik.com

Дұрыс  уақытта қойылған дұрыс сұрақ кез келген адамға қиын ситуациялардан шығуға көмектеседі және ең бастысы — өмірден не қалайтынымызды нақтылайды. Сұрақтарға бірден жауап таба алмасаң да, оны оқып, күнде өз-өзіңе қойып отырудың өзі біршама нәрсеге басқа қырынан қарауға үйретеді.

1. Мен уақытымды кімдермен өткіземін?

Егер баланың жақын достары жаман әдеттерге үйір болып, ештеңеге талпынбаса, баланы өмірде еш нәрсеге қол жеткізбейді дейміз. Алайда бұл құбылыс тек балаларда, жасөспірімдерде ғана емес, егде жастағы адамдарда да болып жатады, себебі қасындағылары өзі ұнатпайтын жұмысты істеп, жұма күні кешке қарай алкоголь сусындар ішіп, «жұмыстан шаршағандарын» басатын болса, үлкен адамда одан әрі кетпейді. Енді ойлан: қасыңда үнемі болатын адамдар жаман әдеттерден аулақ па? Сені қолдай ма? Көмек бере ме? Мақсатшыл ма?

Дәл сол сияқты бір нәрсе оқығанда, көргенде, тыңдағанда еске алып отырған дұрыс. Қасындағы адамдар сенің дамуына өзің ойлағаннан да көп әсерін тигізеді.

2. Бұған әсерімді тигізе аламын ба?

Эпиктеттің айтуынша, философтың басты ісі — өзі басқара алатын-алмайтын заттарды, жағдайларды анықтай білу.

Әдетте біз өзіміздің еркімізге бағынбайтын істерге көп уақытымызды құртамыз. Өз сана-түйсігімізді, эмоцияларды басқара алғанымызбен, бұл басқа адамдарды, ауа райын, әлемде болып жатқан жағдайларды басқара алмайтынымыз айдан анық. Осыны түсінген кезде ғана сен өз еркіңе бағындыра алмайтыныңа өкінуді доғаратын боласың.

3. Менің идеалды күнім қандай болуы керек?

Бұл сұраққа жауап таппайынша, сен ешқашан өзіңе ыңғайлы күн графигін жасай алмайсын. Өміріңнің ең бақытты күндерін еске түсір. Сол күндері не істедің? Немен айналыстың? Соны есепке ала отырып, сен айналысатын істер, жеке өмірің, үй — барлығы өміріңді барынша бақыттырақ күндермен толтыруға көмектеседі.

4. Болу керек пе әлде істеу керек пе?

Дәл осы сұрақты әйгілі әскери стратег Джон Бойд өзінің ізбасарларына қоятын болған. Табысқа жетуге қимылдайсың ба немесе біздің жағдайда ҰБТ-дан жоғары балл алу үшін қимылдайсың ба әлде өмір бақи артқа қалдырып, тастап кетесің бе? Таңдау өзіңде.

5. Алаңдап, қорқып тұрған кездерде мен нені жіберіп алуым мүмкін?

Өмірде болатын әр түрлі жағдайлар біздің бойымызда алаңдау, қорқу, қайғы-мұң сияқты негативті сезімдерді тудырады. Проблемаларды алып шығудың жалғыз жолы — өз эмоцияларыңды басқара білу. Сондықтан келесі жолы қиын ситуацияларда негативті сезімдердің бойыны таралып бара жатқанын сезсең, солардың құны ертеңгіде біршама есе болып қайтып келетінін еске түсіру керек. Өйткені көңілің алаңдаулы, қайғы-мұңға толы болса, сен ешқашан басты істерге назар аудара алмайсың.

6. Мен өзім қалайтын іспен айналысып жатырмын ба?

Сен бұл істің тіпті не екенін білесің бе? Қанша тырмысып, екі қолға бір күрек табылғандай шаршаған күйге дейін жұмыс жасап, өзің қалайтын іспен айналыспауың мүмкін. Біз жиі болмашы істерді жасай жүріп, біреуге жұмыс істеп жүріп, прокрастинацияға түсіп жатамыз. Бұның бәрі тек қол босамай жату сезімін тудырады, бірақ бізге шынымен маңызды істерге жақындатпайды.

7. Мен үшін бәрінен де маңызды не?

Егер сен өзіңе не маңызды екенін білмесен, сен ол үшін көп уақыт бөле алмайсың. Отбасы, карьера, әлемді тану — не болса да бұны қабылдап, әрдайым есте ұстаған абзал. Сонда ғана сен өмірлік құндылықтары басқа адамдармен өзіңді салыстыруды доғаратын боласың. Тек сонда ғана сен шын мәнінде қаламайтын табыстың артынан қууды доғарасың.

8. Бұның бәрі кім үшін?

Егер бір нәрсе жасап, сатқың келсе немесе адам жинағың келсе: бұл сұраққа міндетті түрде жауап бер. Өз аудиторияңды, тұтынушыларыңды білу қажет. «Адамдар нені қалайды? Оларға не көбірек керек?» деген сұрақтарға жауап ізде! Сәттілікке сенбе. Тек өзіңе сен!

9. Бұл шыныменде маңызды ма?

Өмірдің талдың шыбығындай қысқалығын ескерсек, сенің осы кезде ойлап тұрған, алаңдап, ұрысып жатқан нәрсеңнің мағынасы бар ма? Өкінішке орай, көп жағдайда жауап «жоқ» болады.

Осы сұрақты үнемі өз-өзіңе қойып, уақытыңды үнемдеуге тырыс. Марк Аврелийдің ақылына құлақ түріңдер, яғни сен кез келген уақытта бұл дүниеден өтіп кетуің мүмкін. Сондықтан босқа алаңдап, бас қатырудың пайдасы шамалы.

10. Мен өзім қалағандай адам болуға тырысып жүрмін бе?

Біз — бұл біздің істеріміз. Сондықтан да, кез келген істі бастарда: » Бұл іс мені мақсатыма сай ма? Мені мақсатыма бір қадам жақындата ма?» деген сұрақтарға жауап ізде.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ