Пияздың қандай пайдасы бар?

0
1672
Иллюстрация: Freepik.com

Күнделікті ас әзірлеуде пайдаланатын пияз емдік жағынан да жиі қолданылатынын сіз білесіз бе? Пияз -барлық жерде кең тараған бақша өсімдігі.

Емдік пайдалануы:

1. Пияздың бір басын ұсақтап турап, үстіне бір шай қасық қара бұрыш салып араластырып, осы екі қоспаны жарты литр сүтке пісіреді. Бұл қоспаны күніне 2 рет ішіп жүрсе, ересек адамның тәбетін ашып, организмнің жалпы әлсіреуін жояды. Жүректің шаншып ауырғанын басады.

2. Тұмаумен ауырғанда пиязды ұсақтап турап, дәкеге түйіп, екі танауға кезекпе-кезек тығып қойса, жақсы ем. Микробтарды жойып, инфекцияның таралуын тияды.

3. Шиқан шыққанда- пиязды сүтке пісіріп алып, шиқанның бетіне тартады.Сыртынан дәкемен орап қояды. Осылай күніне 3 рет жасап тұрса, сыздауық тез сорылады.

4. Езілген пиязды сүтке қосып, дәкеге орап, аяқтың мүйізденіп кеткен жеріне басса, қатқан тері, нәрленіп, жұмсарады. Іріңдеген жараға, үсіген жерге басуға да болады.

5. Пияздың қанның құрамындағы қантты азайтатын қасиеті де бар. Қант диабетімен ауыратындарға пияздан әзірленген сорпалы тамақ өте пайдалы.

6. Беттегі секпіл мен дақтарды кетіру үшін пиязбен маска жасаған жақсы.

7. Ересек адамның толассыз жөтелін тоқтату үшін: пиязды ұсақтап турап, оны жарты сағатқа қояды. Жарты сағаттан соң, пияздың сөлі шығады. Оған 1 ас қасық қант салады. Араластырып ең баяу отынға 10-15 минутқа қайнатылады. Содан соң суытып, үстіне бір ас қасық бал қосылады. Осы тұнбаны ішсе жөтел 5 күнде сыптай басылады.

8. Егер жатар кезде пиязды дөңгелек етіп турап, сол туралғанның бір бөлігін табанның ортасына қойып, аяғына носки киіп ұйықтаса, таң атқанша адамның қан айналымы жақсарады, сергек жүреді, қимылы жеңілдене түседі. Оған қоса табаннан өткен сызды да емдейді.

9. Үккіштен өткізілген пиязға сұйық май, жұмыртқаның сары уызы, бал 1 қасық қосып, құрғақ шашқа жақса, шаш түсуі мен ұштануын тоқтатып, тез өседі.

Тіпті, пиязды аршып, ортасынан қақ бөліп, оны әр бөлмеге қойып қойған дұрыс. Пияз микробты өлтіреді.

Егер сізде АСҚАЗАН ҚАБЫНУЫ немесе ЖАРАСЫ болса, пиязды көп пайдаланбаңыз!

Басқа материалдар: 

  1. Қой сүтінің пайдасы мен артықшылығы
  2. Ағзаға қажетті дәрумендер
  3. Балық майының пайдасы
  4. Кепкен жемістердің пайдасы қандай?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  7. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  8. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  9. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  10. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ