Піскен нанды сақтаудың әдісі

0
633
Иллюстрация: Freepik.com

Әдетте нанды тоңазытқышта сақтағанды жөн көріп жатамыз, әсіресе, жаз мезгілінде тоңазытқышсыз күніміз жоқтай сезіледі.

Көп адамдар нан дымқылдық жоқтықтан құрғап кетеді деп ойлайды. Осы ойдың жетегімен тоңазытқышқа салып қою дұрыс шешім деп ойласаңыз, қателесесіз. Кейде нан дымқыл ортада бұзылып кетіп жатады. Әсіресе, нөлден төмен температурада тез құрғайды.

  1. SMM маманы деген кім?
  2. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  3. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  4. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?

Яғни, тоңазытқышқа сену арқылы осы үдерісті одан әрмен тездетіп жіберіп отырсыз. Нан құрамындағы крахмалдан дымқылдылық кеткенде, бойындағы молекулалар өзгеріске түседі де, нәтижесінде қатайып, бастапқы қалпын жоғалтады. Дей тұрғанмен, тоңазытқыш температурасының көгеру процесін баяулататындығы ақиқат.

Нанды сақтаудағы басқа да қателіктер:

1. Полиэтилен қапшықтарда сақтауға;

2. Жылыту жүйлеріне жақын жерде сақтауға;

3. Күн сәулесі жақсы түсетін жерде сақтауға болмайды.

Сондай-ақ, қара нан мен ақ нанды бірге сақтаушы болмаңыз. Олай болған жағдайда, тез көгеріп кететін болады.

Нанның жақсы сақталуы үшін қалтаға тазаланған картоп тіліндісін, кесілген алманы, аздаған тұзды немесе қант түйірін салып қойған жөн. Әрине, уақытысында ауыстырып тұруды ұмытпау керек. Нанда жағымсыз иістер пайда бола бастаса, лимон қабығына жүгініңіз.

Наныңыз бастапқы қалпында ұзақ сақталсын десеңіз, бөлкені басынан емес, ортасынан кесіңіз, сонан кейін керегіңізше ортасынан бастап кесіп алған дұрыс. Болғаннан кейін екі бөлікті бір-біріне беттестіріңіз.

Зығырдан немесе кенептен жасалған сүлгілерге орап қойсаңыз, құрғақтықтың алдын алуға мүмкіндігіңіз бар. Нанды металл ыдысқа емес, ағаш ыдысқа салып жеу нанның ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ете алады.

Құрғақ нанды қалпына келтіріңіз

Нанның құрғап кетуі қалыпты құбылыс, кейде оның алдын алып үлгере де алмаймыз. Егер осындай қиындыққа тап болып жатсаңыз, нанды тастауға асықпаңыз. Оны қайтадан пайдаға асыруға болады. Мәселен, духовканың көмегіне жүгінейік. Ол үшін нанды жайпақ қаңылтырға салып, су бүркисіз де, алдын ала ысытылған духовкаға қалдырасыз.

Нанды буға жұмсартуға да болады. Нан кесінділерін елегішке қойып, кастрөлдегі судың бетіне қоясыз (суға тимеу керек), қақпағын елегіштің бетінен жауып, қайнатып қойыңыз. Бірнеше минуттан кейін бастапқы жұмсақтығымен қауышатын болады.

Басқа материалдар: 

  1. Жануарлар туралы қызықты мәліметтер
  2. Зоологияға кіріспе. Жануарлар және олардың типтері
  3. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
  4. Өз мүмкіндігімізді таниық (өзін-өзі танудан сабақ жоспары)
  5. «Аялай біл,сен деп соққан жүректі». Өзін-өзі танудан сабақ жоспары
  6. Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдылары
  7. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
  8. Сабақ жоспары: Күләш Байсейітованың өмірі мен қызметі
  9. Өз-өзімді сүйемін (Ашық сабақ)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ