Пойыз тележкаларының тағайындалуы және жіктелуі

0
981
Иллюстрация: Freepik.com

Тележкалар вагон қозғалысын рельс жолымен бағыттауға арналған, кузовтан жолға түсетін барлық жүктемелерді таратуға, сонымен қатар тартым және тежеу күштерін қабылдауға және вагон қозғалысының жайлы жүрісін қамтамасыз етуге арналған.

Вагон тележкалары келесі белгілері бойынша жіктеледі: тағайындалуы, ось саны,
рессорлы аспасының құрылысы, жүктеменің кузовтан жүріс бөлігіне берілу әдісі
бойынша, буксалық байланыстың құрылысы және рама конструкциясына байланысты
жіктеледі.

  1. Вагон туралы жалпы мәліметтер
  2. Электротехника пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (І нұсқа)
  3. Вагон габариттері
  4. Вагон осі туралы мәлімет

Тағайындалуы бойынша тележкалар жүк және жолаушылар вагонының
тележкалары болып бөлінеді. Ось санына байланысты екі-, үш-, төрт осьті және көп осьті болып бөлінеді.

Жүк вагондары үшін екі және төрт осьті, ал жолаушылар вагондары үшін
екі осьті тележкалар кеңінен тараған. Рессорлы аспаның құрылысына байланысты тележкалар бір және екі сатылы аспамен дайындалады.

Кузовтан жүктеменің берілу әдісіне байланысты тележкалар бөлінеді: тележканың
доңғалақ орналасатын орын алды бөлігіне кузовтың бекітілуі, кузовтың тележка
сырғымаларына бекітілуі және тележканың серпімді элементтеріне кузовтың бекітілуі.

Тележканың технико-экономикалық көрсеткіштерін сипаттайтын параметрлерге
мыналар жатады: өз салмағы, базасы, рессорлы аспасының типі және параметрі, рельс
басы деңгейінің тележканың тіреуторабына дейінгі арақашықтығы, тежегішінің типі және конструкциялық жылдамдығы.

Бақылау сұрақтары:
1.Тележка қандай қызмет атқарады?
2. Вагон тележкалары келесі белгілері бойынша жіктеледі?
3. Тағайындалуы бойынша тележкалар?

Дереккөз: «Вагон Құрылымы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен, Қазалы көлік — техникалық жоғары колледжі

Басқа материалдар:

  1. Вагон параметрлері мен типтері
  2. Доңғалақ жұптарының тағайындалуы және құрылысы
  3. Вагон доңғалақтарының құрылысы мен түрлері
  4. Электротехника пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (І нұсқа)
  5. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  6. Өрілмелі пружина туралы мәлімет
  7. Жүк вагонының букс тораптары

ПІКІР ҚАЛДЫРУ