Ресей империясының қазақ жерін отарлау саясатының себептері және салдарлары (сабақ жоспары)

0
8186
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты.
— Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау.

Зерттеу сұрағы
Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының ерекшеліктері қандай?

Оқулық
Ресей империясының Қазақстанның оңтүстік аймақтарын қосып алуы. 128–134 беттер.

Тірек сөздер: бодандық, «қай жеңгенің менікі».

Ресурстар

Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы. 1943 жылғы басылым). — Алматы, 2012.
Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы» (М.Жолдасбекұлы,
Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбек). — Астана,2001.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. — Алматы, 2016.

Көрнекілік
Ресейдің Қазақстанды отарлау кезеңдерін көрсететін карта. Оқулықтың 128,134 беттеріндегі суреттер.

Мақсатты айқындау

Ресей империясының Қазақ жерлерін отарлауды көздеген саясатыныңорыс жері Мәскеу төңірегіне шоғырлана бастаған ХҮ ғасырдың орта шеніненақ қолға алына бастағанын, ал мұның өзі І Петр патшаның ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі шығыс саясатында басты мәнге айналғанын ұғындыру.

Ресейдің қазақ мемлекеттігін жоюды көздеп, Жоңғар шапқыншылығы орын алған тұста екі көшпелі мемлекеттің соғыстарын бақылаушы рөлін атқарып, «қай жеңгенің менікі» деген бейтарап саясатты ұстанғанын, 1731 жылғы Кіші жүздің Ресейге кіру саясатын қазақ жерін құқықтық тұрғыдан заңдастыра жаулау негізі ретінде қарастырғанын, оның үстіне Ұлы жүздің Қоқан басқыншылығынан құтылу үшін Ресей бодандығын амалсыз қабылдағанын түсіндіру.

Сонымен қатар Ресейдің қазақ жерін отарлауы қазақ елін ұзақ мерзім тәуелсіздіктен айырылуға алып келгенін, оқу, білім және мәдениет саласында мұндай бодандықтың жақсы да жағымды жақтары бола тұрса да, еркінен айрылған елдің отарлық езгіге түсуі мұны ақтай алмайтынын нақты дәлелдермен айтып оқушыларға ұғындыру.

Дамытушылық маңызы. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда ұлт мәселесіне байланысты орын алып отырған кейбір қиыншылықтардың шын мәнінде бастаулары Ресей отаршылдығы болып табылатынын оқушыларға нақты баяндау.

Тәрбиелік мақсаты. Тәуелсіздік баға жетпес құндылық болып табылатынын, мұны тіптен қазақтардың басқаға отар болған тұстағы ағарту және мәдениет саласындағы жетістіктерімен де ауыстыра алмайтындығымызды айта отырып, жастарды тәуелсіз елдің патриот азаматы ретінде қалыптастыру.

Сабақтың деректік материалдары

Мұғалім өзінің сабақ жоспарына сәйкес оқушыларға қазақ жерін басқа елдің отарлау себептерін, қазақтардың Ресейге қосылуының екі жағын, отарлау барысын және оның аур салдарларын нақты мысалдармен түсіндіреді.

Оқушылар бірнеше топқа бөлініп жұмыстар жасайды.

1-топ отарлау себептерін айқындайтын тезистер жасайды;

2-топ Әбілқайыр хан бастап қол қойған 1731жылғы орысқа бодандыққа қарау туралы құжаттардың мазмұны сипаттайтын шығарма жазады.

3-топ отарлаудың ауыр салдарларын атап көрсететін тезистер жазады.

Сабақ түрі мен әдісі

Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер

1. Ресейдің қазақ жерін жаулау себептері.
2. Отарлау мақсаттары.
3. Ресейдің отарлау саясатындағы кезеңдер.
4. Ресейге қосылудың жағымды жақтары.
5. Қазақ жерлерін отарлаудың ауыр салдарлары.

Бағалау мүмкіндігі

Оқытушы жоғарыда көрсетілген сабақ жоспарына сәйкес қорытындылар жасайды.

Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма

1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Қосымша тапсырма

1. Мұғалім оқушыларға оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындап келуді тапсырады.

2. Әбілқайыр хан бастаған азғана ат төбеліндей азшылықтың іс-әрекетін
талдайтын эссе жазып келу.

3. Орта Азия хандықтарының қол астында қалған қазақ және қырғыз жерлерін тарихи картаға сызып көрсетіңдер.

4. Ұлы жүз аймағындағы Ресейлік отарлаушылар басып алған қалалардың
қашан олардың қол астына өткендерін көрсетіп, тарихи картаға белгілеңдер.

5. Тарихи құжаттар мен әдебиеттерге сүйеніп, Ұзынағаш шайқасын сипаттайтын шығарма жазыңдар. Оған қатысқан тарихи тұлғалар есімдерін анықтаңдар.

6. Шоқан Уәлихановтың өмірінің осы кезеңін анықтайтын құжаттармен және көркем әдебиеттермен танысыңдар, және олардың негізінде қысқаша тарихи эссе жазыңдар.

Әдебиеттер Оңтүстік Қазақстанды Ресей қол астына қарату үшiн патша үкiметi қандай шараларды iске асырды?

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:

  1. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  3. Дәстүрлі рухани мәдениет (салт-дәстүр) (сабақ жоспары)
  4. Абылай ханның қайраткер ретінде қалыптасуы (сабақ жоспары)
  5. Абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы (сабақ жоспары)
  6. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  7. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  8. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  9. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  10. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  11. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  12. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  13. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ