Секвойя ағашы

0
1307

  АҚШ-тағы Сьерра Невада тауының етегінде әлемдегі ең үлкен Секвойя  ағаштары өседі. Секвойя ағаштары әлемде тек Сьерра Невада тауының батыс жағында ғана өседі.

Ағаштардың биіктігі 20 қабатты үйлердің биіктігіне тең келеді. «Секвойя» ұлттық саябағында «Бастық» деп аталатын ағаш 3200 жасымен әлемнің ең кәрі және ең үлкен екінші ағашы болып есептеледі. Ағаштың биіктігі 74 метр, ал диаметрі 28,5 метр.

Сол аймақтағы «Генерал грант» деп аталатын секвойя ағашы әлі жас болса да, көлемі жағынан әлемдегі ең үлкен ағаш болып есептеледі.

/upd/2014/1108/1415444205545df6ed217213.57703196.jpg

Бұл ағаштың биіктігі 82 метр, ал диаметрі 33 метрді құрайды. Ағаштың жалпы салмағы 2000 тоннадан асады. Бұл алып ағаштың гүлдеуі үшін 175-200 жыл керек.

Отаны Солтүстік Америка болған Секвойя ағаштары әрқашан жасыл және үлкен болады. Ағаштың 72 см-ге жететін қалың қабықтары бар. Ал ұрықтарының салмағы 1 грамнан да жеңіл болады. Секвойя ағашының төменгі жағы кең болып, жоғарғы жағы тар болады. АҚШ-та бұдан шамамен 150 жыл бұрын Сьерра Невада тауларының етегінде қазіргіден 20-25 есе үлкен алаң осы ағаштарға толы еді.

Ол кездерде Америкаға көшіп барған эмигранттар, оңайлықпен жанбайтын, құмырсқалар кеміре алмайтын және шіруі қиын болған бұл ағаштарды кесіп, тек үйлерін ғана емес, сондай-ақ қалаларын да тақтайдан салған. Бұдан 35 жыл бұрын қалған ағаштардан ұлттық саябақ жасап, бұл ағаштардың жойылып кетуін сақтап қалған. Бірақ ағаштардың 90 пайызы жойылған.

/upd/2014/1108/1415444297545df7491a6522.51300356.jpg

/upd/2014/1108/1415444311545df75760e9c8.31255722.jpg

/upd/2014/1108/1415444314545df75ae49011.86918807.jpg

Басқа материалдар:

  1. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  2. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  3. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  4. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  5. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  6. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  7. SMM маманы деген кім?
  8. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  9. Web-дизайнер деген кім?
  10. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  11. Бизнес-профиль деген не?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ