Стив Джобстың әдісі: қатал сынға қарсы әрекет

0
1069
Иллюстрация: Freepik.com

Кейбір адамдармен ақылға қонымды диалог құру мүмкін емес. Соларлың деңгейге түсіп, айтысқа кірісіп кетпес үшін, мына кеңестерді пайдаланып көріңіз.

1. Сынды алдын ала болжауға тырысыңыз.

Егер сіз презентация көрсетіп немесе сөз сөйлейтін болсаңыз, онда қай тармақтар тыңдаушылардың сынына ұшырауы мүмкін екендігін ойлап көріңіз. Сізге бұрын да ұқсас ескертпелер жасалған болуы мүмкін. Не айтатыныңызды алдын ала жоспарлаңыз. Жауабын дайындап алған соң, сізге жағымсыз сөздерге жауап беру оңайрақ болады.

2. Дереу жауап қайтармаңыз

Ашуланбаңыз және асығыс жауап бермеңіз. Стаканға су құйып, ойыңызды жинақтап, айту керек сөздерді іріктеп алыңыз.

3. Достық лебізді жалпыға ортақ сөздермен бастаңыз.

Джобс сынға жауап беру үшін, көпшіліктің алдына шыққан бір көрсетілімінде, мынандай сөздермен бастады: «Бірдеңені өзгертуге тырысқан кезде, ең қиын кедергілердің бірі — осындай сұрақттарды қоятын адамдардың айтқаны бір жағынан дұрыс болуында». Ол өзінің жауабын жұмсартып, бір қарағанда оппонентпен келісіп тұрғандай көрінеді, алайда келесі сөздерінен олай емес екендігін түсінесің. 4. Естігіңіз келген сұраққа жауап қайтарыңыз

Джобсқа бағдарламалау тілдерінен және жеке өміріне қатысты нақты сұрақтар қойылғанымен, ол оған пікір білдермей, жалпыға ортақ сұрақтарға жауап берді.

Бұл саясаткерлердің әрдайым жасап жүрген классикалық тәсілі.

5. Соңында өзіңіздің қателіктеріңізді мойындаңыз, бірақ командаңызды да қолдаңыз

Сіз өзіңіздің ең басты жанкүйері болуыңыз керек. Әсіресе бастапқы, тек өзіңіз бен командаңызға ғана арқа сүйей алар кезде. Жіберілген қателіктеріңізді мойындаңыз, қандай сабақ алғаныңызды айтыңыз, одан кейін міндетті түрде сіз және командаңыздың көп жұмыс істейтінін айтып кетіңіз, және не үшін қолдауға лайық екендігін атап өтіңіз.

Мысалы, (көрсетілімінде) Джобс былай аяқтады: Біз қателіктерді тауып, оны түзетеміз. Бірақ қазір, маңызды кезеңді өткеріп және тынбай еңбек етіп жатқан команданы қолдау керек.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ