Терінің әдемі болуы үшін қажетті витаминдер

0
1436
Freepik.com

Ағзаңызда қандай проблема болып жатқанын сіз білмесеңіз де, маман бетіңізге қарап анықтай алуы мүмкін. Өйткені, организмдегі кез келген ақау теріге сигнал бергіш. Әсіресе, бетке.

Терінің әдемі болуы үшін диета ұстаудың қажеті жоқ. Тек витаминдер мен макро және микро элементтерді дұрыс қабылдап, тамақтану жеткілікті. Ендеше айнаға қарағанда бізді ашуландыратын мәселелердің ішкі себебі неде:

Терінің ақшыл болуы. С, В12, РР, А, Fe, Zn, Фолиевая кислота, биотин жетіспейді;

Құрғақ тері. С, В6, биотин, Fe, А, Si дефицитте болғанда тері құрғайды;

Қатпарланған бет. Пиллинг кезінде В2, В6, биотин, А, Zn, Mn, S ағзаға жетпейді деген сөз;

Безеу мен бөртпелер. В6, РР, А, Zn, Fe жетіспеген уақытта шығады;

Қантамырлардың көрініп тұруы, купероз. С, Е, К, рутин, Cu, Fe жетпененнен пайда болады;

Шаштың мәселесі (түсуі, тез майлануы, қайызғақ) В6, А, биотин, Fe, Zn, Mn, Si, Se, Mg жетпененнен болады;

Күнделікті жейтін тамақ, гликемия индексі жоғары және төмен болып екіге бөлінеді. Жоғарғысы біздің денсаулығымызға зиянды. Ашып айтсам, ішектегі эпителийден өтіп, ағзаның қорғаныш қабатын бұзады. Есесіне сізде токсиндік нагрузка, бауырға да күш түседі, артынша бет терісіне әсер етеді.

Бет терісі бүлінбес үшін не жеу керек?

Балғын көкөністер. Әсіресе қызыл және оранжевый сіздің бетке өте пайдалы болмақ;

Аскөк. Микроэлементтер мен клетчатканың көзі;

Рафинатталмаған кунжут, зәйтүн, зығыр майы. Бұлар пайдалы май қышқылдары мен витаминдер береді;

Жаңғақтар. Терінің зат алмасу процесін тездетіп, қышқылдануды болдырмайды;

Балық. Май қышқылдарының нағыз көзі. Коллаген түзілуін жүзеге асырады;

Жұмыртқа. Терінің безеу басып, тез қартаюына жол бермейді. А, В витаминдер көзі;

Бауыр. Темірдің және А витаминнің көзі.

 Гульмаржан Бекмуратовна, Дәрігер

Басқа материалдар:

  1. Фастфудтың 10 зияны
  2. Майонезді неге жеуге болмайды?
  3. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  4. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  5.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  6. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  7. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  8. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  9. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  10. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  11. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  12. «Денсаулық басты байлық»
  13. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  14. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  15. Тарының ағзаға пайдасы көп

ПІКІР ҚАЛДЫРУ