Тоқыма өнеркәсібін бастау үшін ақыл-кеңес

0
1468
Иллюстрация: Freepik.com

Тоқыма өнеркәсібі – жеңіл өнеркәсібінің мал жүнінен, өсімдік, жасанды және синтетикалық талшықтардан мата тоқу ісімен шұғылданатын салалар
жиынтығы.

Оған мақта – мата, жүн, зығыр, кендір кенеп өнеркәсібі, мақта өндірісі, мата емес материалдар өндірісі т.б. салалар жатады. Табиғи тоқыма талшықтың ең маңызды, әрі арзан, әрі кең тараған түрі – мақта талшығы.

Жеңіл Өнеркәсіптің «кез келген жерде» орналаса беретін саласы – тоқыма өнеркәсібі.
Үйде отырып табыс тапқым келеді дейтін келіншектер үшін бұл өте тиімді бизнес.

Артықшылықтары:

минималды шығындар;
үйде отырып та айналысуға болатын іс;

Кемшіліктері:
табыс маусымға байланысты;
қол жұмысы көп уақытты алуы мүмкін.

Тоқыма өнеркәсібіне тән мынадай ерекшеліктерді атап өтуге болады:
— тұтынушымен тығыз байланыс, сол немесе өзге аумақтағы халықтың тарихи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне тәуелділік;

—  сәннің, талғамның және т.с.с. ауысып отыруына байланысты шығарылатын өнім ассортиментінің тез ауысуынан көрінетін саланың серпінділігі;

— шикізатқа, жартылай фабрикаттарға, фурнитураға және оның рәсімделуіне, сондай-ақ технологияға және өндірістің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өзгеріп отыруы;

— жұмыс күшінің кәсіби деңгейіне (шығармашылық білімінің, талғамының болуы және т.с.с.) қойылатын ерекше талаптар.

Жалпы тоқыма өнеркәсібі дамушы елдер тобында жылдам қарқынмен дамуда. Бүгінде әлемдік тоқыма өнеркәсібінде бес басты аймақ қалыптасты:  Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, ТМД, Батыс Еуропа және АҚШ.

Әлемдегі тоқыма өнеркәсібінің басты аймағы Азия болды. Мақта-мата кездемелерін негізгі өндірушілер Қытай мен Үндістан болып табылады.

Осы ретте егер сіз де тоқыма ісімен айналысамын десеңіз жоғарыда аталған елдердің тәжірибесін қолдана отыра, отандық нарыққа өз ерекшелігіңізбен, кәсібіңізге деген басымдылықтарды ойлап табу арқылы, тез клиент таба бастайсыз.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  12. Бизнес-профиль деген не?
  13. Таргетингтік жарнама. Тауарды сату
  14. Пиццерия ашудағы алғашқы қадамдар
  15. Харланд Дэвид Сандерс өмірінен дерек


ПІКІР ҚАЛДЫРУ