Массаж кәсібін бастау және оның жоспары

0
1199
Иллюстрация: Freepik.com

Массаж бизнесі – бұл массаж қызметін өндірушінің жоғары кәсібилігімен үйлескен бизнес иесінің іскерлік кәсіпкерлік қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілеті маңызды қызмет түрі. 

Бұл кәсіп туралы тарқатып айтатын болсақ, онда бірден бірқатар жағдайларды ескеру керек. Массаж бизнесін ашуға ниеттенген кәсіпкер үшін бұл бизнес-жоба, менің ойымша, алғашқы уақытта біраз қиындықтар тудырады .

Бизнестің бұл түрі қолдану саласымен (медицина, спорт, косметология, СПА және т.б.), құқықтық реттеу ерекшеліктерімен, сұраныс маусымымен және т. б. байланысты
өзіндік ерекшеліктерге ие. Бастапқы кезде бірнеше кабинеттерден тұратын жеке салонға бағдарланып жұмыс жасау қажет.

Екінші мәселе – қызметкерлерді іріктеу. Ашылатын салонда жеткілікті кәсіби персонал
және сауатты басқарушы болуы тиіс. Әйткенмен жақсы мамандар тиісті қаражатты талап етеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, массаж бизнесін нөлден бастауға (ең аз салыммен) әлеуетті бәсекеге қабілетті адам ғана аша алады
деп ойлаймын.

Ал нағыз бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін көрсететін қызметтің өзін сапалы қылу
жеткіліксіз. Оны нарықта лайықты көрсете білуіміз керек.

Сонымен келесідей жоспарлар құрып алған жөн:

  1. орынжай;
  2. қандай массаж қызметтері көрсетілетін болады (мысалы, емдік массаж, косметология, СПА және т. б.);
  3. қызметтің әлеуетті тұтынушысы кімдер (жасы, жынысы, әлеуметтік тобы, табыс деңгейі және т. б.);
  4.  бизнестің болжамды ұйымдық-құқықтық нысаны.

№1 пайдалы кеңес. Массаж бизнесін жұмыс істеп тұрған мекемелерде: медициналық орталықтарда, спортклубтарда, монша кешендерінде, сұлулық салондарында және т. б. кабинеттерді ашу тиімдірек.

Біріншіден, бұл ұйымдардың санитарлық және медициналық лицензиясы бар және сіз тек жалға алу шартын ғана дұрыс жасауыңыз керек болады.

Екіншіден, бұл мекемелердің келушілердің бір бөлігі сіздің қызметтеріңізге міндетті түрде қызығушылық танытады.

№2 пайдалы кеңес. Бастапқы кезеңде, клиенттерге үйге немесе кеңсеге бару арқылы массаж қызметін көрсету арқылы, жалпы кабинетсіз жұмыс істеуге болады.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  12. Бизнес-профиль деген не?
  13. Таргетингтік жарнама. Тауарды сату
  14. Пиццерия ашудағы алғашқы қадамдар
  15. Харланд Дэвид Сандерс өмірінен дерек


ПІКІР ҚАЛДЫРУ