Топ-5 ми тежеуіштер

0
504
Иллюстрация: Freepik.com

Қанша жерден тырысып, тырмыссаң да, жалқаулығыңды жеңіп, ҰБТ-ға дайындаламын десең де, күндіз түні сабақ оқысаң да немесе оқуға өзіңді мәжбүрлесең де, кейде эффективті оқу үрдісін ұйымдастыру қолдан келмей жатады. Одан да жаманы – сол оқудың максималды түрде эффективті болмауына не әсер етіп жатқанын түсінбеу. Бүгін соларды талдап көрейік.

1. Фаст фут, тәттілер, зиянды тамақ. «Тамаққа қатысты зиянды әдеттер және ұзақ уақыт бойы физикалық қозғалыстар жасамау диабеттің II типін қоздырып, ми жұмысын тежеп, деменцияны шақырады» (Николас Шербурин, осы тақырыпта зерттеу жүргізген ғалым). Жалпақ тілмен айтсақ, қант қан айналымын баяулатады, қою қан мидың жұмысын баяулатады. Ең дұрысы – денсаулығың мен тамаққа қатысты әдеттеріңе аз да болсын назар аудару. Сол кезде миың да тез жұмыс істейтін болады.

2. Ақпараттық фаст-фуд. Неше түрлі жаңалықтар, әлеуметтік желілердегі мақалалар, керегі бар, керек емесі бар видеолар, қазір көп байқайтынымыздай – фотолар. Дәл қазір олар сенің миыңды өзің байқамасаң да, тежеп жатыр. Ғалымдар мың мәрте 5 минут әлеуметтік желіде отырған адамның өзінің концентрациясы түсетінін, ойлау қабілетінің нашарлайтынын дәлелдеген. Ендеше, өзіңді осы фаст-фудтың түрінен шектеуің жөн-ау. Әсіресе, инстаграмм, ютуб, тіпті кейде ватсап пен вконтакте, түрлі жаңалықтар ағынын шектеу керек.

3. Уайым, мазасыздық. ҰБТ электронды форматта бола ма, болмай ма, ҰБТ-да шпор қолдана аламын ба, алмаймын ба, ата-анамның үмітін ақтай алам ба екен, жоқ па екен, ҰБТ-да аз жинап қалсам не болады, т.с.с. Иә, сені түсінемін, өзім де кезінде ҰБТ тапсырдым. Бірақ тапсырған соң түсінгенім – осы сияқты уайымдар менің уақытымды алды және миымның жұмысын тежеді. Мен ҰБТ-ға дайындалудың орнына ҰБТ жайлы уайымдармен, ойлармен уақыт өткіздім. Ол ҰБТ-да жоғары жинауға көмектесті ме? Әрине, жоқ! Не істеймін, қалай істеймін, не болады деп басыңды ауырта бермей, істеу керек әрекеттерді істе. Сол кезде мақсатыңа тезірек қозғаласың.

4. Құртатын қарым-қатынастар. Өсек, өтірік, манипулияцияға құрылған сау емес қарым-қатынастар, өзің сөйлескің келмейтін адамдармен босқа әңгіме айту… «Сен мені емес, ҰБТ-ға дайындықты таңдадың», «Сен мені жақсы көрмейсің, математиканы жақсы көресің», «10 минутыңды маған бөле алмадың ба?» деп сенің назарыңды, уақытыңды, энергияңды алатын адамдардан аулақ бол. Ойлап қарашы, осы қазір саған керек пе? Меніңше, жоқ. Ал, бірақ, керісінше, саған ҰБТ-ға дайындығыңа жағдай жасап беретін, сенімен бірге дайындалатын немесе қолдаудың қай түрін болмасын беретін адамдармен жақсы қарым-қатынас мақсатыңа мотивацияңды өсіреді, сондықтан, барлық қарым-қатынастан шектел демеймін.

5. «Не үшін?» деген сұрақ. Не үшін ҰБТ-ға дайындаламын, бәрі ҰБТ-ны сатып алады ғой? ҰБТ онсыз да әділетсіз? Ақылыға түсе саламын ғой? Не үшін ҰБТ-ға дайындаламын, ертең оқу бітірген соң бәрібір күйеуге шығып, бала бағып отырамын ғой? Не үшін ҰБТ-ға дайындаламын, … Әйтеуір, ҰБТ-ға дайындалмауға немесе дәл қазір дайындалмауға мың себеп табасың. Бұл, әрине де, жігеріңді тежейді. ҰБТ-ға дайындалмауға 100 себеп тапсаң да, дайындалуға 1000 себеп тап.  Негізі біреуі де жетеді. Сол жайлы кәдімгідей ойланшы. Және ол нақты сенің қалауың болуы керек.

Әні-міне демей, бар күшіңмен дайындыққа дәл қазір кірісу сенің қолыңнан келеді. Осы мақаланы қалай оқып шықтың, тура солай Қазақстан тарихын, Оқу сауаттылығының мәтіндерін оқи алмаймын дейтініңе сенбеймін. Жоғарыда аталған тежеуіштерді алып тастап, алға қарай зымыра!

Басқа материалдар:
  1. Неге Whatsapp беседалары ҰБТ-ға дайындыққа көмектеспейді?
  2. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  3. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  4. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  5. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  6. SMM маманы деген кім?
  7. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  8. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  9. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  10. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  11. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  12. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ