Университет таңдағанда ескеру керек 5 ереже

0
763
Иллюстрация: Freepik.com

Дұрыс университетті (немесе факультетті) таңдамағанына көп студент 1-семестрді аяқтамай жатып өкініп жатады. Ал кейбір студенттер соңғы курста немесе университетті бітіргеннен кейін дұрыс таңдау жасамағанына қынжылады.

1. Университетті емес, факультетті таңда

Көп абитуриент ҰБТ-ны тапсырып болған соң, грантқа өтініш тастайтын кезде, университеттерді салыстырады. Бұл біраз абитуриенттер жіберетін кең таралған, сонымен қатар ең негізгі қате. Себебі, бір университетте жақсы оқытылатын факультеттер де, берілетін білімнің сапасы төмен факультеттер де бар.

Факультет таңдарда міндетті түрде факультетке қанша жыл болғанын, өткізілетін курстарды, университеттің профиліне қаншалықты сәйкес келетінін ескеру керек. Мысалы, педагогикалық немесе агротехникалық университетте «Ақпараттық жүйелер» мамандығына оқу немесе техникалық университетте гуманитарлық мамандыққа оқу — үлкен қателік.

2. Университет оқу программасының мемлекеттік аккредитациядан өткенін тексер

Қазақстан Республикасындағы кез келген университеттің оқу программасы белгілі бір жыл аралығында аккредитациядан өтеді. Аккредитациядан өтті деген сөз: заманауи білім стандарттарына сай дегенді білдіреді.

Егер сен оқиты факультетте аккредитация болмаса, сені я армияға алып кетуі мүмкін, я басқа оқу орнына ауысу жағдайында белгілі бір университетте осындай-осындай жыл оқығаныңды мойындамауы мүмкін, себебі аккредитациядан өтпеген.

Бұл сенің пайдасыз, заманнан қалып қойған оқу программасын өтіп жүрмегеніңді тексерудің ең оңтайлы жолы.

Алайда, аккредитациядан өтпеген факультеттердің бәрі жаман деуге болмайды, себебі жаңадан ашылған факультеттерге аккредитациядан өтуге біршама жыл керек. Сонда да, ертең 4 жыл уақытың зая кетпегенін қаласаң, факультеттің аккредитациядан өткенін тексер.

3. Өзің түсетін факультетте өтетін сабақтар қай жерде өтетінін алдын-ала біліп ал

Көп ірі университтер өз кампустарын орналасқан қаланың ішіне бөліп тастайды, яғни қабылдау комиссиясы бір жерде болса, сенің факультетің басқа жерде, ал дене шынықтыру сабағы болатын жер мүлде басқа жерде.

Осыған байланысты сен оқуға түсуге документті университеттің ең көрікті ғимаратында тапсырсаң, оқу жылы басталғанда университеттің өзінен өте алшақ орналасқан, ескі ғимаратта оқуын әбден мүмкін.

Өз күшіңді сынап көр, себебі қаланың бір басынан екінші басына лекцияларды тыңдау үшін жүріп-тұру кез келген адамның қолынан келе бермейді. Университеттің басты ғимараты, сен оқитын кампус, жатақхана жақын орналасқанына көз жеткіз, солай абзалырақ!

Ең бастысы — университеттің әдемілігіне қарап түспе. Қаланың шетінде орналасқан ескі ғимаратта сапалы, сұранысқа ие специалисттерді шығарса, сен оқитын суперәдемі университет беретін білім түкке де тұрғысыз болуы мүмкін.

4. Достарыңмен бірге болу үшін университетке түспе

Бізге бір істі бастауға батылымыз жетпей жатқанда жақын достарымызды шақырамыз, бірақ университетке түскенде бұл ойларың іске аспайды, себебі университетте мектептегідей жағдай болады деп ойлау ақымақтық. Университетке достарыммен түсіп, қызық болады деп ойласаң қателесесің, бұл ситуация толықтай 360 градусқа айналған күйінде болады.

Себебі университет мүлдем басқа жер. Сен жаңа қарым-қатынастар орнатасың, ескілерімен қарым-қатынасыңды үзесің, солай-солай сенің ортаң өзгереді, кезінде достарың болған адамдар, сені мүлде танымай кетуі мүмкін.

5. Факультет туралы пікірлерді салыстыр

Белгілі бір затқа, ситуацияға обьективті тұрғыда қарау үшін оған әр түрлі қырынан қарап, соған сәйкес ақпарат алу қажет. Cондықтан, факультетке түсер алдында барынша көп пікір оқуға тырыс.

Немесе сол факультетке 2 жыл көлемінде оқып жатқан 3 студентпен сөйлес, пікірлерін салыстыр, бір шешім қабылда.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ-ға дайындалуға зауқың жоқ болса…
  2. Жасөспірімдік кезең: 13-18 жас аралығы
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  5. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  6. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  7. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  8. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  9. Күнделік жазу — қызықты іс
  10. Контекстолог деген кім
  11. Копирайтер деген қандай мамандық?
  12. Контекстолог деген кім?
  13. Ямамото Цунэтомоның «Бусидо» кітабынан ең таңдаулы қанатты сөздер жинағы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ