Вагон сүйреген паровоз. Балабақшадағы ашық сабақ

0
1476

Тобы: «Балапан»   I-кіші

Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Вагон сүйреген паровоз»

Мақсаты:
а) Көлік түрлерімен таныстыру,2-5бөліктен тұратын түрлі зат бөліктерін орналастыруға үйрету.
ә)Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
б)Төзімділікке  тәрбиелеу.

Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: балаларды пойыз,вагон,паравоздың суреттерін тамашалату.

Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті.

Қажетті көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар,пойыздың және рельстің суреттері,магнитті тақта,түрлі пішіндер.

Билингвалдық компоненті: пойыз-поезд,түрлі пішіндер-разные фигуры,қызыл-красный, көк-синий.

Іс -әрекет кезеңдері:

Тәрбиешінің іс- әрекеті          Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы     Шаттық шеңбері.

Бейбіт өмір-тілегіміз,
Бауырымалдық салтымыз.
Қамқорымыз,тірегіміз-
Ынтымақты халқымыз.
(С.Ғалымұлы)

Балалар шеңбері жасап тұрады. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Іздену- ұйымдастырушы

Ойын жағдаяты:

-Балалар,пойызға отырып,серуендеп қайтсақ қайтеді?

Балалар тізбектеп тұрғызу.
Алғашқы бала -пойыз,қалғандары вагондар болады.
-Балалар,біз стансыға келдік.

Дидактикалық ойын:«Көлікті ата!»
Шарты: балаларға пойыздың,жеңіл машинаның,жүк көліктерінің суреттерін көрсетеді. Аттарын атайды.

Үлестірмелі материалға назарларын аударту.

Әңгіме жүргізу.
-пойызбен алыс жерлерге қонаққа барады,саяхатқа шығады.
Пойыз қозғалыс кезінде «дүк-дүк-дүк» деген дыбыс шығарады.

Балалар тақтаға қарайықшы,тақтада рельстің суреті ілініп тұр.
-Мынау-паровоз.
-Мынау-вагондар.
-Пойыз қандай түсті?
-Мынау қандай пішін?
-Бірінші вагонның түсі қандай?
-Терезелердің түсі қандай?
-Екінші вагонның түсі қандай?
-Терезелердің түсі қандай?

-Вагондардың доңғалағы қандай?
Тік төртбұрышқа дөңгелектер қойылады.
-Бұл –вагон доңғалағы,онсыз пойыз жүре алмайды.
-Ал,балалар,бәріміз пойыз жасайық.
-Паровозға вагондарды жалғаймыз. Балалар топ-топқа бөлінеді.
Дайын пішіндерді жалғап көрсету, алдымен паровозды,содан кейін вагондарды жалғаймыз.
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

Компазиция құрған кезде оған Күн мен бұлттардың пішінін де енгізеді.
-Біз жастағы пойыз сиқырлы,сондықтан жасаған пойызымызға отырып,балабақшаға барайық.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Менің атым-Азамат.
Маған үй салуға көмектесіңдерші.
Тәрбиеші:
-Үй салмас бұрын пішіндерді  ажыратып алайық.
Тәрбиеші  балаларға түрлі пішіндерді таратады.
Дидактикалық ойын:
«Пішіндерді ажырат».
-Мынау-кішкентай төртбұрыш.
-Мынау-үлкен төртбұрыш.
-Мынау-үшбұрыш.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
-Кішкентай төртбұрыштың түсі қандай?
-Үлкен төртбұрыштың түсі қандай?
-Үшбұрыштың түсі қандай?
-Енді үй саламыз.
Тәрбиеші магнитті тақтаның ортасына үлкен  төртбұрышты қояды.
Билингвалдық компанент:пойыз-поезд,түрлі пішіндер-разные фигуры, қызыл-красный, көк-синий.    Балалар тізбектеліп тұрып,топ ішін айналып жүреді,«стансыға» келіп тоқтайды.

Тәрбиешімен бірге қайталап айтады.

Балалар суретке қарап, жауап береді:

-Қызыл.
-Төртбұрыш.
-Көк.
-Жасыл.
-Көк.
-Сары және қызыл.

-дөңгелек.

Балалар өз бетінше пойыз «вагондарын» жалғайды. Олар композиция құрайды.
Балалар пойызға отырып,қайтадан балабақшаға келеді.

Қайталайды: Менің үйім-мой дом, құрылысшы-строитель, ойыншықтар-игрушки, терезе-окно,төбесі-чердак,пішіндер-фигуры.

-Үшбұрыш.

Балалар үй салуға ынталарын білдіріп, тәрбиешімен бірге құрастырады.

Балалар үйді құрастырып шығады.

Қайталайды:пойыз-поезд,түрлі пішіндер-разные фигуры, қызыл-красный, көк-синий.

Рефлексивті коррекциалаушы    -Балалар біз қандай көлікке отырдық?

-«Пойызбен» жүру сендерге ұнады ма?
-Қандай көлік түрлерін білдіңдер?
Балалардың жауабы.
-Пойызға.
-Ұнайды.
-Жеңіл көлік.
Жүк көлігі.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: геометриялық пішіндерден пойызды жасайды.
Қандай түсініктерді игереді: көліктің әрқилы түрлері болатынын .
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері:дайын фигураларды ретімен жинайды.

Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ