XIV-XV ғасырлардағы әлеуметік-экономикалық қатынастар және мемлекеттердің мемлекеттік әкімшілік құрылысы (сабақ жоспары)

0
1943
Freepik.com

Сабақтың мақсаты:
— XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттерді білу, картаны қолдану арқылы саяси процестерді түсіндіру;

— XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

— тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII-XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру.

Зерттеу сұрағы
Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай өзгерістерге әкелді?

Оқулық
XIV-XV ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар және мемлекеттердің мемлекеттік-әкімшілік құрылысы. 162–165 беттер.

Тірек сөздер
— Уәйіс хан
— ойраттар
— Темір ұрпақтары

Ресурстар
Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. 2-том. Алматы. Атамұра. 2010. 192-195-бб.

Сабаққа дайындық
XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің әлеуметтікэкономикалық қатынастарымен мемлекеттік-әкімшілік құрылысының ерекшеліктерін көрсету үшін арнайы материалдар дайындау керек.

Әлеуметтік құрылымға, жер илену түрлері мен салықтармен мен міндеткерліктердің
түрлері туралы ақпараттық қысқаша анықтама берілген слайд дайындалады.

Сабақтың деректі материалдары
Кестелер, слайдтар, тірек-диаграммалар, суреттер.

Сабаққа әдістемелік нұсқау
Сабақты интербелсенді сабақ түрінде ұйымдастыра отырып, талқылау, пікір алмасу, баяндау, ой бөлісу, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін арттыру әдістерін пайдалану керек.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Әлеуметтік құрылым, жер пайдалану мен салықтар, міндеткерліктерді қазақ қоғамымен байланыстара отырып талдау керек.

Сабақтың барысы 
XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар дамудың жаңа кезеңін бастан өткергенін атап өтеді.

Бұл кезеңдегі қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшелігі әлеуметтіксаяси ұйымдасудың ерекшелігімен байланысты болды. Осы заманның ерекшелігі ретінде вассалдық тәуелділік, мемлекеттің иеліктерге бөлуінуі, әскери қақтығыстардың жиі-жиі болуы, үкімет пен әскери күштің заңнан үстем болуын атап өтуге болады.

Жер иелену түріне қатысты інжу мен ұлыс ұғымдарын анықтап өтеді. Жерді әскери немесе әкімшілік қызметі үшін сыйға тарту, тархандық құқық берудің мысалдарын талдай отырып, уақыт өте келе, сый, сойырғал, тархандық құқықпен алынған жерлер ақсүйектердің ұрпақтарының меншігіне айналғанын баяндайды.

Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында болған салықтар мен міндеткерліктердің түрлері мен олардың сипаттамасына тоқталып, олардың
көпшілігі бұрынғы түркі дәуірінен қалыптасқан, кейбіреулері моңғолдар билігі орнағаннан кейін пайда болғанын атап өтеді.

Сабақты қорыта келе, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы тұрақты басқару аппараты қалыптасқан, саяси құрылымы айқын мемлекеттер болғаны, бұл құрылым, өз кезегінде мемлекеттің тұтастығын сақтау, көрші мемлекеттердің агрессиясын тойтаруға мүмкіндік бергенін тұжырымдайды.

Білімді бағалу мүмкіндіктері
Мұғалім оқушыларды үш топқа бөліп, “Он сұрақ!”, “Лездеме!” әдістері бойынша дайындалған сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты түйіндейді. Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, басқа оқушылардың жауаптарын толықтаруы, мұғалімге сұрақтар қоюына байланысты бағалайды.

Қосымша тапсырма
XIV-XV ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен мемлекеттердің мемлекеттік-әкімшілік құрылысына сипаттама беріңдер.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  2. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  3. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  4. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  5. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  6. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  7. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  8. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  9. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  10. Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері (сабақ жоспары)
  11. Әл-Фараби — әлемнің ұлы ойшылы (сабақ жоспары)
  12. Түркі-моңғолдардың Орталық Азия мен Қазақстан аумағына жорықтары. Отырар қорғанысы (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ