Қызылқұм өңірі туралы мәлімет

0
2734
Freepik.com

Қызылқұм өңірі — Әмудария (Өзбекстан) мен Сырдария (Қазақстан)  өзендері аралығын алып жатқан құмды алқап.

Басқаша айтқанда, солтүстік-батысы Арал теңізіне, оңтүстік-шығысы Өзбекстандағы Зеравшан аңғары мен Нұратаға ұласады. Қызылқұм құмды алқабының ауданы 300 мың км-ді құрайды немесе Қазақстандағы Шығыс Қазақстан облысының аумағындай жерді алып жатыр.

Теңіз деңгейінен 300 метр биіктегі құмды төбелер мен жалдардың салыстырмалы биіктігі 20-30 метрге жетеді. Кезінде теңіз түбі болған оңтүстігіндегі бұйратты төбелер (Бұқантау, Тамдытау, Құлжықтау) кездеседі.

Көктемде ғана гүлдеп, жаздың басында құрғап, кеуіп қалатын өсімдіктер, сонымен бірге құм жусаны, ақ және қара сексеуіл, жүзгін, бұйырғын, ал Сырдария аңғарында тоғай өседі. Шөлде өмір сүруге бейімделгенбауырымен жорғалаушылар және аң-құстар көп. Көктемде құм төбелері арасында шағын көлшіктер мен уақытша ағатын шағын өзендер, жылғалар пайда болады.

Қызылқұм құмды алқабында Оңтүстік қазақстан және Қызылорда облыстарының оңтүстік бөліктері жатыр. Құм төбелер мен оның төңірегінде жыл бойы мал жайылады. Кейінгі жылдары мұнда мәрмәр, графит, алтын, газ, кен орындары табылады.

Жер бетінде тұрақты ағын су болмағанымен, құмды алқаптың жер қойнауында жер асты теңізі саналатын Қызылқұм артезиан алабы жатыр. Қазақстандағы оның аумағы 115 мың км(2), суы тау етектерінде 30-300 метр болса, құм арасына қарай 1770 метр тереңдікте жатыр.

Қазақстанда бұл Қызылқұмнан басқа Зайсан көлінің маңында, Каспий теңізінің шығысындағы Бозащы түбегінде осы аттас құмды алқаптар бар. Бірақ олардың аумағы шағын.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:
  1. Сыр бойы туралы ақпарат

  2. Сарыарқа аймағы туралы мәлімет

  3. Бетпақдала шөлді өңірі туралы

  4. Қазақстанның табиғи аймақтары. Жетісу өңірі туралы

  5. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  6. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

  7. Көксерке мен қортпа балығы

  8. Алабұға және сазан балығы

  9. Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет


ПІКІР ҚАЛДЫРУ