Өз-өзіңді дамытуға арналған 10 пайдалы сайт

0
2735

1. TheQuestion
Сілтеме: https://www.thequestion.ru

Мұнда әртүрлі тақырыптарға қатысты көптеген сұрақтардың жауабын табуға болады. Өзгелердің де сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік бар. Егер сені мазалап жүрген сұрақ болса, сайтқа жариялай аласың.  Жауап бір-екі сөзбен шектелмейді: толық жауап беріледі. Көп тақырыптар бар: психология, білім алу, нейробиология, сондай-ақ, өз-өзіңді дамыту.

2. Coursera
Сілтеме: https://www.coursera.org

Әлемдегі үздік оқу орындарының курстарын өтуге болатын ауқымды білім беру платформасы. «Личностное развитие» деген бөлімге кірсең, түрлі курстарды табасың: жетекшілік пен шешендік өнерден қытай тілі курстарына дейін. Ғаламтормен білім алғысы келетіндерге пайдасы мол.

3. TED
Cілтеме: https://www.ted.com

Ой-өрісті кеңейтіп, жаңа тәжірибе мен шабыт алуға теңдессіз ресурс. Мұнда адамдар таңғаларлық идея мен оларды қалай жүзеге асыруға болатынын бөліседі. Лекциялар әртүрлі тілде өтеді, дегенмен көптеген тілде субтитрлер қолжетімді.

4. 750 words
• Cілтеме: https://750words.com

Фрирайтинг техникасын қолданып жүргендерге таптырмас құрал. Күнделікті сайтқа кіріп, 750 cөз жазу керек. Не туралы жазамын? Кез келген нәрсе туралы жазсаң болады. Өз ойларыңды, эмоцияларыңды, армандарың мен жоспарларыңды жаз. Ерте ме, кеш пе, «ой-cана ағымы» сені дұрыс жолға бағыттайды.

5. Stepik
• Сілтеме: https://welcome.stepik.org/ru

Білім алуға арналған керемет платформалардың бірі. Бұл платформада
көптеген курстар бар. Тегін әрі қолжетімді. Программалау, математика, биоинформатика, экономика, психология, журналистикадан курстарды таба аласың. Сайтқа тіркел, курсты таңда да, оқып баста.

6. Medium
 Сілтеме: https://www.medium.com

Көптеген қызықты мақаланы табуға болатын блог-платформа. Өзіңе қызықты тақырыптарды таңдап, таңдаулы мақалаларды оқысаң болады. Сен таңдаулы деп тапқан мақалалардың авторларына жазылып, жаңа мақалалар жайлы хабарландыру алып тұруыңа болады.

7. Академия Яндекса
 Сілтеме: https://academy.yandex.ru/

Яндекс корпорациясы ұйымдастыратын білім беру жобалары, олимпиадалар, лекторийлер жайлы хабардар бол. Сондай-ақ, сілтемеде берілген сайтта көптеген қызықты мақалалар бар (міндетті түрде сайтқа кіріп, оқып көр). Youtube видеохостингінде де каналдары бар. Соған жазылып, программалаудан, математикадан және т.б. курстардың бейнежазбаларын көруіңе болады.

8. Theory & Practice (T&P)
• Cілтеме: https://theoryandpractice.ru/

Орыс тіліндегі курстар, мастер-класстар, лекциялар. Қандай тақырыптар қамтылған? Өнер, технологиялар, лингвистика, бизнес және ғылым.

9. Khan Academy
• Cілтеме: https://ru.khanacademy.org

Khan Academy — тегін білім алуға арналған ресурс. Мұнда әртүрлі пәндерді қамтитын 4200-ден астам микролекциялардың коллекциясын таба аласың. Пәндердің ауқымы үлкен — әдебиеттен космологияға дейін.

10. Openedu
• Cілтеме: https://openedu.ru/course/

Ресей жоғары оқу орындарында оқытылатын пәндер бойынша онлайн-курстарды ұсынатын заманауи білім беру платформасы. Платформада берілген барлық курстар тегін, ашық түрде өткізіледі, сондықтан кез келген қалаған адам қатыса алады. «Открытое образование» жобасының онлайн-курстары ғаламтордағы уақытты тиімді өткізудің бірден-бір жолы деп айта аламын.

Басқа материалдар:

  1. Павел Дуровтың өмірлік ұстанымдары
  2. Ямамото Цунэтомоның «Бусидо» кітабынан ең таңдаулы қанатты сөздер жинағы
  3. ҰБТ-ға дайындалуға зауқың жоқ болса…
  4. Жасөспірімдік кезең: 13-18 жас аралығы
  5. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  6. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  7. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  8. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  9. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  10. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  11. Күнделік жазу — қызықты іс
  12. Контекстолог деген кім
  13. Копирайтер деген қандай мамандық?
  14. Контекстолог деген кім?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ