Павел Дуровтың өмірлік ұстанымдары

0
1202
Павел Дуров

Павел Дуров — ВКонтакте әлеуметтік желісінің, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы.

1. Жаңаға жол ашу үшін ескі жүкті тастауға қорықпау керек . Ол ескірген идея,  байланыс, түсінік.

2. Шенеуніктер, салт-дәстүр, қоғам адамға қашан жұмыс істеп, қашан демалу қажеттігін бұйыруға құқығы жоқ.

3. Кез келген істі мүмкіндігінше жылдам істеу қажет.

4. Өмірлік ұстаным — пайда табудан маңыздырақ.

5. Әлемді өзгертудің мүмкін екеніне сенімсіздік жалқаулық, маскүнемдік, есірткі қолданудан да жаман. Конкуренция жоқ жерде – прогресс те жоқ.

6. Бір уақытта мен адамдардың санай алмағандықтарынан емес, түсіне алмағандарынан жеңіліс табатындарын байқай бастадым. Сылтау табу олардың қолынан келетін, ал түсіну – жоқ.

7. Мен бейбітшіл тіршілік иесімін. Мен вегетарианмын. Мен соғысты жек көремін.

8. Идеология – бұл ең ақырында, адамдарды қозғалуға итермелейтін дүние.

9. Болашақта бұқаралық ақпарат құралдары құрастырған маркетингтік тұзақтарға төтеп бере алатын және бір іске көп уақыт концентрациялана алатын адам сөзсіз әрдайым сұраныста болады.

10. Жайбарақат гармония күйінде өмірдің мағынасын іздеу мәселесі туындамайды, себебі жүрек түбінде бәрі сен қалағандай болып жатқан cекілді жалған сенім бар.

11. Бізді қоршаған мәселелердің көбі не шешілмейді, не біздің қатысуымызсыз-ақ шешіледі.

12. Адамдар әлеуметтік мәртебелеріне көп назар аударады. Мысалы, сенің Лондонда не ауылда тұратыныңда қандай айырмашылық бар? Қазір бұл ғаламтордың арқасында мәнін жоғалтты. Шындыққа бұрсақ, ауылда тұру – өте жақсы. Арзан әрі таза ауа. Адамдар қымбат қалаларда тұруды жөн көреді, ал сосын пәтерге біраз шығындалады.

Басқа материалдар:

  1. Ямамото Цунэтомоның «Бусидо» кітабынан ең таңдаулы қанатты сөздер жинағы
  2. ҰБТ-ға дайындалуға зауқың жоқ болса…
  3. Жасөспірімдік кезең: 13-18 жас аралығы
  4. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  5. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  6. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  9. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  10. Күнделік жазу — қызықты іс
  11. Контекстолог деген кім
  12. Копирайтер деген қандай мамандық?
  13. Контекстолог деген кім?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ