Жәдік сұлтанның баласы Тоғым ханның өмірі туралы мәлімет

0
1361
Иллюстрация: Freepik.com

Тоғым хан да — Жәнібек ханның ұрпағы. Жәнібектің тоғызыншы ұлы Жәдік сұлтанның баласы.Тоғым хан елдің орталығында, оңтүстігінде билік құрады.

Сырдария өзені бойындағы қалалар Тоғым ханға қарайды. Бірнеше жыл билік құрып, берекесі кете бастаған билікті қалпына келтіруге күш салады. Жан-жақтан анталаған көршілерімен қорғаныс соғыстарын жүргізе отырып, бар қайрат-жігерін қазақ жерін қорғауға жұмсайды.

Сондай шайқастардың бірінде Әмудария өзені бойындағы Жағат деген жерде Тоғым хан жау әскерінен жеңіледі. Сол жеңілісте Тоғым ханмен бірге қазақтың 37 сұлтаны қаза табады.

Осы «уақытша әлсіреу» кезеңінде Қазақ хандығының жағдайы нашарлап, бірнеше хандыққа бөлініп кетеді. Қазақ халқының көптеген жері жау қолында қалады. Мұның бәрі — бірліктің, ынтымақтың, ауызбірліктің  жоқ болуының салдары.

Сол себепті келесі қазақ хандарының басты міндеті — жау қолында қалған жерлерді азат ету, елдің бірлігін нығайту, мемлекетті күшейту болды.

Дереккөз:  «Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Басқа материалдар:

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ