Жылы және суық судың пайдасы мен зияны қандай?

0
3386

Суық су ішуді барлығымыз жақсы көреміз.  Алайда одан келер кері әсерін біле бермейміз. ⠀
⠀⠀⠀
Осы кезде керісінше бүйректің тамыры кеңейіп қан айналымы күшейіп бүйрекке салмақ түсе бастайды. ⠀

Бүйрекке қан көп мөлшерде барғандықтан онда несеп көптеп өндіріліп адам кіші дәретке суық су ішкеннен кейін тез тез шығады.⠀

Көптеген тамырлар тарылып қалғандықтан ағзаға қажетті су барлық жасушаларға бара алмайды. Осылайша қанша су ішсемде терім құрғақ деген шағымдар айтамыз. ⠀

Суық су ішкеннен кейін асқазан оны дене температурасымен бірдей болғанша жылытып ұстап тұрады. Оны жылытуға энергия жұмсаймыз. Ал бізге күш қуатымыз тасып жүру үшін энергияны үнемдеу қажет. ⠀

Ас қорытуды баяулатады. Әсіресе майлы тамақтардың қорытылуы қиындайды. ⠀

Ал енді жылы су ішудің пайдасына тоқталайық.

Ішетін жылы су 37-60°С аралығында болуы керек. Бірақ жаздың ыстығында бөлме температурасындағы судан іше беруге болады. ⠀

Жылы су ішкеннен кейін барлық қан тамырлар кеңейіп, су ағзаның түкпір түкпіріндегі жасушаларға жетіп зат алмасу жақсарады. Артық салмақтан арылуға таптырмас көмек.

Қан тамырларға жиналған холестериндерді азайтады.

Ас қорытуды жақсартады. Тамақтан 30 минут бұрын ішкен дұрыс. ⠀

Инфекциялық аурулар кезінде токсиндерді тездетіп сыртқа шығаруға көмек ⠀

Тұмауратқан, іші өткен балаларға таптырмас сусын. ⠀

Запор мазалайтын адамдар осы жылы сумен дос болуы керек.⠀

Ағзада су жеткілікті болса адам күні бойы сергек жүретін болады. ⠀

Су ішкен сайын шөлдей беретін болғаныңызды байқайсыз. Себебі су ішпейтін адамдар өздерінің шөлдеп жүргенін жақсы сезінбейтін болып кетеді. Су ішіп бастаған соң, шөлдеу сезімі қайтадан қалпына келіп, сосын шөлдедік дейміз .

Басқа материалдар:

  1. Фастфудтың 10 зияны
  2. Майонезді неге жеуге болмайды?
  3. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  4. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  5.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  6. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  7. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  8. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  9. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  10. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  11. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  12. «Денсаулық басты байлық»
  13. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  14. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  15. Тарының ағзаға пайдасы көп

ПІКІР ҚАЛДЫРУ