А.О.Игельстром реформасы және оның салдарлары (сабақ жоспары)

0
4591
Гомотетия және оның қасиеттері

Оқыту мақсаты
–ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

Зерттеу сұрағы:
А.О. Игельстром реформасы неліктен қажет болды және оның салдарлары қандай?

Тірек сөздер
А.О. Игельстром, Қаратай сұлтан, Айшуақ сұлтан, Хиуа ханы, Игельстром реформасы.

Оқулық
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. 86–96 беттер.

Тірек сөздер
Хандар кеңесі, Игельстром реформасы, Төраға, Сырым Датұлы.

Ресурстар
1. Халық тарих толқынында. Ғылыми серия: мақалалар жинағы. –Т.І2. –Астана, 2013.
2. Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге
дейінгі тарихы. 1943 жылғы басылым). –Алматы, 2012.
3. История Казахстана. Энциклопедический справочник. –Алматы, 2010.
4. Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы” (М.Жолдасбекұлы, Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбек). – Астана, 2001.
5. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. –Алматы,
2016.

Көрнекілік
Сырым Датұлы көтерілісі таралған аймақтардың картасы. Нұралы және Ералы ханның суреттері. Оқулықтың 87, 90, 94 беттеріндегі суреттер.

Мақсатты айқындау
Сырым Датұлының көтерілісінің әслсіреуіне О.А. Игельстром жасаған треформаның және хандық биліктің дағдарысқа ұшырауының ықпалдарын ашып көрсету.

Сабақтың деректік материалдары
Мұғалім Сырым Датұлы көтерілісінің кіші жүз аймағына кеңінен тарағанын көрсете отырып оның әлсіреу себептеріне тоқталады. Осыған байланысты ол О.А.Игелсьтром жасаған отаршылдардың реформасының мәнін, мазмұнын және көтерілісті әлсіретуге ықпалын оқушыларға түсіндіреді.

Сонымен қатар көтерілістің жеңілу себептерін нақты деректер негізінде ашып көрсетіп көтерілістің тарихи маңызына арнайы тоқталады. Оқушылар үш топқа бөлініп жұмыс жасайды. Алғашқы топ Игелсьтромның реформасының мәні мен мазмұнын көрсететін деректер негізінде тезистер жасайды.

Екінші топ көтеріліс әлсіреуін және жеңілуін сипаттайтын эссе жазады. Үшінші топ
көтерілістің қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы үшін тарихи маңызын сипаттап шығарма жазады.

Сабақ түрі мен әдісі
Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Мұғалім сабақ барысында А.О. Игельстром реформасының хандық билікті талқандауды көздеген отаршылдық саясаттың шарасы ретінде қарастыруы тиіс.

Бағалау мүмкіндігі

1. Көтеріліс тараған аймақтарды тарихи картаға түсіріп, көрсетіңдер?
2. Барон О. Игельстром реформасын арнайы сызба түрінде бейнелеп, оның қағидаларын тезистер түрінде қысқаша тізіп көрсетіңдер.
3. Көтерiлiстiң жеңiлуiн, тарихи маңызын, себеп-салдарларын көрсететін арнайы кестені толтырыңдар:

Көтерілістің себептері Көтерілістің маңызы

Бағалау мүмкіндіктері Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс.
Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ