Сырым Датұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)

0
2011
Freepik.com

Тақырып: Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, кезеңдері және барысы.

Оқыту мақсаты
–халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себепсалдарын анықтау;

Зерттеу сұрағы:
Сырым Датұлы Кіші жүз қазақтарының қандай құқықтарын қорғауды көздеді?

Оқулық
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. 72–81 беттер.

Тірек сөздер
Хандар кеңесі, Игельстром реформасы, Төраға, Сырым Датұлы.

Ресурстар
1. Халық тарих толқынында. Ғылыми серия: мақалалар жинағы. –Т.І2. –Астана, 2013.
2. Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге
дейінгі тарихы. 1943 жылғы басылым). –Алматы, 2012.
3. История Казахстана. Энциклопедический справочник. –Алматы, 2010.
4. Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы” (М.Жолдасбекұлы, Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбек). – Астана, 2001.
5. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. –Алматы,
2016.

Көрнекілік
Сырым Датұлы көтерілісі таралған аймақтардың картасы. Нұралы және Ералы ханның суреттері. Оқулықтың 87, 90, 94 беттеріндегі суреттер.

Мақсатты айқындау
Сырым Датұлының көтерілісінің әлсіреуіне О.А. Игельстром жасаған реформаның және хандық биліктің дағдарысқа ұшырауының ықпалдарын ашып көрсету.

Сырымның жіберген қателіктерінің себептерін ашу. Көтерілістің жеңілу себептерін сипаттау және оның тарихи маңызына тоқталу.

Дамытушылық маңызы. Сырым Датұлы басқарған көтерілістің жалпыхалықтық сипатын айқындай отырып, оның қазақ даласына тигізген әсерін және кейінгі қазақ жеріндегі отаршылдыққа қарсы көтерілістерді рухтандырудағы тарихи маңызын ашып көрсету.

Тәрбиелік маңызы. Сырым Датұлы басқарған көтерілістің жеңілу себептерін айқындау арқылы оқушыларды осы қателіктерден сабақ алуға үйрету және көтерілістің тарихи маңызын аша отырып, оның қазақ халқының тәуелсізідік  үшін күресіндегі маңызды тарихи кезең екенін түсіндіру негізінде бүгінгі қазақ халқы қол жеткізген тәуелсіздіктің қымбатшылыққа түскенін, оның оңай болмағанын оқушыларға дәлелдеп беру.

Сабақтың деректік материалдары
Мұғалім Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтерілістің басталу себептерін, оның барысын және негізгі кезеңдерін анықтауды оқушыларға тапсырады. Оқушылар төмендегідей кестемен жұмыс жасайды.

Көтерілістің себептері Көтерілістің негізгі кезеңдері Көтерілістің кезеңдеріне сипаттама

Сабақ түрі мен әдісі
Аралас, баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқытушы Сабақ өткізу барысында оқушылар назарын төмендегідей
мәселелерге аударады:

1. Игельстромның реформалары және көтерілісті әлсіретуге ықпалы
2. XIX ғасырдың 90-жылдарындағы көтерілістің жаңа кезеңі
3. Көтерілістің әлсіреуі
4. Көтерілістің жеңілу себептері
5. Көтерілістің тарихи маңызы

Бағалау мүмкіндігі
Мұғалімнің төмендегідей жоспарды тақтаға жазып қоюы оқушылардың
тапсырмаларды орындауын жеңілдетеді:

1. Көтерiлiстiң басты себептерiн баяндайтын қысқаша эссе жазыңдар.
2. Көтерiлiс қалай басталғанын нақты деректермен сипаттап айтып
беріңдер.3. Көтеріліс басшысы Сырым Датұлының және патшалық және хандық биліктің мақсаттарын арнайы кестеде салыстырмалы түрде бейнелеңдер:

Сырым Датұлының мақсаты Патшалық биліктің мақсаты Хандық биліктің мақсаты

 

Бағалау мүмкіндіктері

Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Қосымша тапсырма
1. Оқулық мәтінімен жұмыс және онда көрсетілген тапсымаларға тезистер түрінде жауаптар дайындау.
2. Деректерді пайдалана отырып Игельстром реформасының мазмұнын және салдарларын көрсететін тезистер жазып келу.
3. Сырымның халық арасында зор беделін, шешендігін және батырлығын көрсететін эссе жазу.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ